Қортынды аттестаттау емтихандары өткізілмейді

Биыл 9, 11 сынып оқушылары қорытынды аттестаттау емтихандарын тапсырмайды. Мұндай шешімді Қазақстанда енгізілген төтенше жағдайға байланысты ҚР Білім және Ғылым министрлігі қабылдады.

Қашықтан оқыту жағдайында бітірушілерді қорытынды аттестаттау пәндер бойынша жылдық бағалау негізінде жүзеге асырылады. Аттестатқа олардың жылдық қорытынды бағалары түседі.

ҰБТ өткізу мерзімі өзгеріссіз қалдырылды. Қазіргі уақытта Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында ҰБТ-ға дайындық ретінде сынама тесттерін тегін тапсыруға болады. Әр пән бойынша 70 нұсқа ұсынылған.