Нұр-Сұлтан қаласының жасұландықтары «Жеңіс хаты» байқауына қатысты

2020 жылы 3-29 ақпан аралығында Республикалық «Жеңіс хаты» байқауының іріктеу кезеңі  өтті.

Байқау «Жеңіс хаты» халықаралық акциясы аясында өткізілді.

Мақсаты – жасөспірімдер мен жастардың назарын Ұлы Отан соғысы оқиғаларына аудару.

Ұлы Отан соғысы 75 жыл бұрын аяқталды. Бұл соғыс әлемдік тарихты, адамдар тағдытын әлем картасын өзгертті. Жеңіс үшін ең құнды баға төленді – адам өмірі. Әрбір отбасының тағдырында соғыс өз ізін қалдырды. Аталар мен бабалар, апалар мен әжелер әр күн сайын ерлік жасады. Осының барлығы соғыстың соңғы күнін жақындатты. Жеңіс күні – ұрпақтарды сабақтастыратын мейрам.

Байқауға Қазақстан Республикасының мектептерінің 1-11 сынып оқушылары қатысты. Соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласынан 40-қа жуық оқушы қатысты. Байқауға қатысу үшін қатысушылар Ұлы Отан соғысына байланысты оқиғаларға қатысқан өзінің отбасы мүшелеріне «өткенге хат» жазды. Хатта Ұлы Отан Соғысының қаһармандарына алғыс айтып, соғыс туралы естеліктердің сақталына өзінің қандай үлес қосып жатқаны жайлы баяндады.

11 наурыз күні байқау қорытындысы бойынша әр өңірден жеңімпаздар анықталады. Нәтижесінде байқауда 17 жеңімпаз болады.

Жеңімпаздар дипломдармен марапатталады, сондай-ақ оларға 9 мамыр күні Нұр-сұлтан қаласында өтетін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған шеруге қатысуға мүмкіндік беріледі.

Байқау ұйымдастырушылары:«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі, «Аtamnyn amanaty» қоғамдық бірлестігі. «Жеңіс Волонтерлары» Халықаралық волонтерлік қозғалыс.