«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл Фараби атындағы Оқушылар сарайы Бейнелеу өнері бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақтың жыр-аңыздары комикс жанрында» тақырыбында байқау болып өтті.
Комикс жанрының ерекшелігі — бір беттегі сурет арқылы үлкен аңыздың мазмұнын аша білуінде.
Балалар Қазақтың жыр-аңыздарын оқып, түсініп, оны бейнелеу өнері арқылы көрсете білді!
Байқаудың бас жүлдесін №3 мектеп-гимназия оқушысы Мартемьянова Элина иеленді. Ол «Жезтырнақ» ертегісін Комикс жанрында бейнеледі. Элина қазақ тілінде еркін сөйлейді екен!