«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық-педагогикалық олимпиадасының қалалық кезеңі туралы ақпарат

 

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 2021 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық-педагогикалық олимпиадасының қалалық кезеңін өткізеді.

Мақсаты – жас педагогтердің шағармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге болашақ мұғалімдердің кәсіби көзқарасын қалыптастыру.

Олимпиадаға 9-11 сынып оқушылары, әр мектептен қомандалық топ (8 адамнан аспайтын), жас педагогтар (еңбек өтілімі, 5 жылдан артық емес), педагог-ұйымдастырушылар (тәлімгерлер) мен психологтар, педагогикалық жоғарғы оқу орындары мен колледждердің соңғы курс студентері және магистранттары қатысады.

Жас педагогтер – елдегі білім беруді дамытудың басты ресурсы. Біздің болашағымыз мұғалімдердің жаңа буын білім алатын мектептерге қандай жаңа идеялар мен құндылықтар әкелетініне байланысты.

Олимпиаданың мазмұны нақты білім беру процесі жағдайында кәсіби педагогикалық шеберлікті көрсетуге, кәсіби педагогикалық қызмет саласында педагог тұлғасының шығармашылық өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі анықтау қабілетін көрсетуге мүмкіндік беретін конкурстық тапсырмаларды көздейді.

Тиісті санаттар бойынша қалалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Олимпиада 2 кезеңнен тұрады:

І кезең – іріктеу (сәуір айының 19-23 күндер аралығында)

ІІ кезең – қалалық (28-29 сәуір күндері)

Жоғары сынып оқушылары олимпиаданың іріктеу кезеңіне берілген тақырыптар бойынша: «Ұлы даланың көрнекті педагогтары», «Абай – дара тұлға», «Ыбырай Алтынсарин – қазақтың ұлы педагог-ағартушысы» (1 топтық) ұжымдық-шығармашылық жұмыстың толық нұсқасын ұйымдастырушыларға тапсырады.

Мұғалімдер, педагог-ұйымдастырушылар ( тәлімгерлер), психологтар мен магистранттар педагогика және психология бойынша тестілеуден өтеді.

Конкурсқа соңғы 3 жылда Олимпиадаға қатысқан қатысушылар қатыса алмайды.

Қалалық олимпиадаға тек іріктеуден өткен үміткерлер ғана қатыса алады.

Қатысушыларға сәттілік!

«Тәуелсіздік ұрпағы» балалар мен жасөспірімдер арасында үздік арт-объект бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер жанрындағы халықаралық байқаудың ЕРЕЖЕСІ

Биыл Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтуде.

Біздің еліміз дамудың жаңа жолына түсіп, халықтың бостандық туралы ғасырлық армандарын жүзеге асырды. Ел тарихындағы жаңа кезең әлемге Ұлы Дала Елінің жаңа бейнесін, ұлы өзгерістердің замандастарын ашатын еркін ойлайтын азаматтар ұрпағының қалыптасуымен таңбаланған.

Тәуелсіз Қазақстанның мәдени негізін танымал шеберлермен қатар шығармашылық мамандықтың жас өкілдері де қалыптастырады. Еліміздің мәдени мұрасын жаһандық мәдени-ақпараттық кеңістікте таныстыруда олар үшін көкжиектер мен кедергілерден тайсалмайтын, әсересе бейнелеу өнерінің жан-жақты тілін меңгерген сәндік-қолданбалы өнер шеберлеріне, жас суретшілерге тиесілі.

Елорда күні қарсаңында дәстүрлер мен жаңашылдықтардың селбесуін бейнелейтін арт-объектілерді жасайтын балалар мен жасөспірімдер арасындағы халықаралық байқаудың қорытындылары шығарылатын болады. «Симбиотикалық қаланың» жарқын үлгісі болып табылатын Нұр-сұлтан қаласы «Тәуелсіздік ұрпағы» деп аталатындардың көркем, сәндік-қолданбалы шығармашылық жанрларындағы ең әсерлі, мазмұнды туындыларды көрсететін орын болады.

Байқаудың мақсаты:

Қазақстан мен шет мемлекеттердің мамандандырылған көркемөнер

колледждері мен мектептерінің дарынды тәрбиеленушілерін анықтау

және қолдау арқылы дәстүрлі халықтық көркемөнер кәсіпшілігі мен

қолөнерін, көркем және сәндік-қолданбалы шығармашылықтың барлық

түрлерін дамыту және танымал ету.

Байқаудың міндеттері:

• жаһандық мәдени кеңістікте Қазақстан халықтары мен шектес мемлекеттердің мәдени дәстүрлерінің сабақтастығын сақтау;

• мамандандырылған көркемсурет колледждері мен мектептерінің тәрбиеленушілері мен оқытушыларының шығармашылық әлеуетін дамыту;

• халықтық көркем қолданбалы қолөнерді, көркемдік және сәндік-қолданбалы өнердің барлық түрлерін зерттеуге, сақтауға және дамытуға оқушылардың қызығушылығын арттыру;

• көркем шығармашылық және сәндік-қолданбалы өнер саласындағы дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау;

• Қазақстан Республикасының аумағындағы дипломатиялық өкілдіктердің, шетелдік ұйымдар өкілдіктерінің көмегімен Қазақстанның көркемөнер колледждері мен мектептерінің жақын және алыс шетелдердегі ұқсас мекемелермен шығармашылық байланыстарын қалыптастыру.

Ұйымдастырушылар:

• Нұрсұлтан Назарбаев Қоры;

• ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы;

• Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы;

• Нұр-Сұлтан қаласының балалар көркемсурет мектебі –ЮНЕСКО клубы;

• Педагог-суретшілердің халықаралық Одағы.

Жұмысқа қойылатын талаптар:

Бейнелеу өнері бойынша жұмыстардың форматы А-3

Орындау техникасы:

– акварель

– гуашь

– акрил

– түсті графика

Сәндік-қолданбалы өнер бойынша жұмыстардың форматы мен техникасы:

– ағаш ою (биіктігі 50 см артық емес)

– батик (форматы А3, А2)

– киіз басу

– тоқыма коллаж (форматы А3, А2)

– нақыштау (форматы А3, А2)

Маңызды: жұмыстар шиыршықталып оралмау, безендірусіз, осал және орнықсыз болмауы керек.

Байқауға қатысушылар:

Байқауға қатысуға жақын және алыс шет елдердің көркемсурет мектептерінің, өнер мектептерінің, Оқушылар сарайларының, бейнелеу өнері студиялары мен көркемөнер колледждерінің оқушылары шақырылады.

Байқау жас санатына қарай 3 топпен өткізіледі:

— А тобы: 10-12 жас;

— В тобы: 13-15 жас;

— С тобы: 16-18 жас.

Тақырыптардың үлгісі:

– «менің балалық шағымның армандары»;

– «менің халқымның аңыздары мен ертегілері»;

– «Менің елім – менің әлемім».

Мекемелерден өтініш (басшының мөрімен және қолымен расталған, сондай-ақ Word-тағы өтінім құжаты) 2021 жылғы 25 мамырға дейін БКМ электрондық поштасына жіберіледі: dhshastana@mail.ru (Қосымша 1).

Жұмыстар Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Бөгенбай батыр даңғылы, 17 мекен-жайы бойынша 2021 жылғы 30 мамырға дейін қабылданады. Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы.

Қорытынды шығару және лауреаттарды марапаттау:

Қазылар алқасының құрамына өнер қайраткерлері, суретшілер мұғалімдері одағының мүшелері, сәндік-қолданбалы өнердің жетекші шеберлері кіреді.

Байқаудың жұмыстарын бағалау үшін байқаудың Ұйымдастыру комитеті құрамында қазылар алқасының төрағасы, хатшысы және қазылар алқасының мүшелері бар қазылар алқасын құрады. Қазылар алқасының құрамын және қазылар алқасының төрағасын байқаудың Ұйымдастыру комитеті бекітеді. Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.

1. Байқау 3 жас санаты бойынша бағаланады (А, В, С)

2. Әрбір жас санатына қарай топтағы жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен, жеңімпаздардың жетекшілері – арнайы белгісі бар алғыс хаттармен марапатталады.

3. Көрменің ашылуы аясында жетекші өнер шеберлерінің шеберлік сыныптары, Қазақстан астанасының көрікті жерлеріне экскурсиялық бағдарлама өтеді.

4. Жеңімпаздардың жұмыстарын алдағы уақытта байқаудың үздік жұмыстарының топтамасы аясында көрсету жоспарланып отыр.

5. Жіберілген жұмыстар қайтарылмайды.

Байқау жеңімпаздарының көрмесі, сондай-ақ педагогтардың дипломдары мен алғыс хаттары жарияланатын болады және 2021 жылғы 18 маусымнан бастап dhsh.kz, art-teachers.kz сайттарынан жүктеуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Педагог- психологтердің тәжірибе алмасуы

“Астана дарыны” ДДжПС орталығы 2021 жылдың 31 наурызы күні педагог-психологтердің жұмыс тәжірибесімен бөлісу және, оқыту іс-шараларын дайындау және өткізуіне қажетті білім мен дағдыларының деңгейін арттыру мақсатында «Педагогтер және студенттермен жұмыс үрдісінде колледж психологі қызметінің тәжірибелік аспектісі» тақырыбында вебинар өткізді.

Вебинарда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжінің педагог-психологы Марина Галимовна Шаймердинова өз тәжірибесімен бөлісті. Вебинар жұмысына 28 педагог- психолог қатысты.

Жұмыс барысында онлайн оқытудың инновациялық әдістері қолданылды.

Өз сөзінде спикер бейімделу, әлеуметтену мәселелеріне тоқталды. Талқылауға бейімделудегі қиындық проблемаларына қатысты мәселелер көтеріліп, оларды тудыратын себептер талқыланды. Әріптестердің назарына студенттермен, ата-аналармен және педагогтармен жүргізілетін әңгімелер, сауалнамалар, тестілеу, тапсырмалар, акциялар, флэшмобтар сияқты әр түрлі жұмыс түрлері ұсынылды. “Өмір-бұл…” тақырыбында аяқталмаған сөйлемдер әдісін қолдану тәжірибесі ерекше маңызды болды. Бұл әдіс өте қарапайым: дәйексөз түрінде аяқталмаған сөйлем қолданылады және ол үшін аяқталудың бірнеше нұсқаларын жазып алу ұсынылады, нәтижесінде студенттерге көбінесе олардың өміріндегі жағымды өзгерістерге әкелетін түсінік пайда болады. Жиналған мәтіндер “белсенді студенттердің Квест Румдары” жобасы үшін пайдаланылды және бейнеролик жасалды.

Семинар соңында педагог-психологтар өз ойларымен және пікірлерімен бөлісті.

Мектеп инспекторларының семинары туралы

«Астана дарыны дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы психологиялық қызмет бөлімі 10-15 наурыз аралығында    мектеп    инспекторлары үшін   оқыту семинарын өткізді.

  Семинардың  мақсаты:  «тәуекел топ» балаларымен  профилактикалық  жұмыста  кәсіби құзыреттілікті дамыту.

Мақсатты топ:  «Нұр-Сұлтан қаласының полиция  департаменті»  ММ Жергілікті  полиция  қызметінің басқармасының полиция қызметкерлері  (мектеп инспекторлары)

Ұйымдастырушы:  «Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық қызмет бөлімі.

 

Спикерлер:

 Александр Николевич Тесленко –  «Астана дарыны» ДДжПСО   ғылыми кеңесшісі, п.ғ.д., ә.ғ.д. профессор.

  Смецкой Михайл Андреевич –  КЭПП суицидолог, психологі.

Өткізу күндері:  2021ж.   10-15   наурыз.

Аутодеструктивті мінез-құлық – қазіргі уақытта кең таралған күрделі және қауіпті құбылыс. Жастар арасында аутоагрессивтік іс-әрекеттердің жиілеуінің айтарлықтай артуы ерекше алаңдаушылық туғызып отыр. ДДҰ мәліметтеріне  сәйкес, 15-19 жас аралығындағы жастар арасындағы суицидтің жиілігі таңқаларлық –  қазіргі заманғы әрбір үшінші жасөспірім өзіне-өзі  қол салуымен  бәрімізге таныс.

Статистикаға сәйкес, суицид жасаған жасөспірімдердің 80%-ы ата-аналарына өмір сүргісі келмейтіндіктері туралы айтады, бірақ ересектер бұл сөздерді байыпты қабылдамайды.

 

Семинар   барысында келесі мәселелер қаралды:

  • жасөспірімнің жеке басын әлеуметтендіру: мақсаттары, факторлары, құрылымы;
  • жасөспірімдерді әлеуметтендірудің заманауи қауіптері;
  • әлеуметтенудің қолайсыз жағдайларының құрбандары мен типологиясы;
  • әлеуметтік ауытқулардың (девиация) пайда болу формалары мен факторлары;
  • аутодеструктивті мінез-құлық және өмірге қауіп төндіретін қауіпті мінез-құлық;
  • жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлқының себептері;
  • мектеп инспекторы және мектеп психологінің бірлескен жұмыстары;

Семинарға қатысушылар аутодеструктивті мінез-құлық құрылымымен, өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттерінің нысандары мен триггерлерімен, себептерімен  және  кәмелетке толмағандарда суицидтік қауіп факторлары анықталған кездегі мектеп  және  инспекторлардың  өзара іс-қимыл алгоритмімен танысты. Туындаған сұрақтарға  дәріс  соңында жауаптар берілді.

Семинарға 52 инспектор қатысты (Сарыарқа-22, Алматы-11,  Есіл-12, Байқоңыр-7).

XXXIII халықаралық Азия-Тынық мұхит математикалық олимпиадасы (АТМО) және “Жібек жолы” XX Халықаралық математикалық олимпиадасы (ЖЖМО)

 

9-10 наурыз аралығында қашықтықтан XXXIII халықаралық Азия-Тынық мұхит математикалық олимпиадасы және XX Халықаралық “Жібек жолы” математикалық олимпиадасы өтті.
Бұл олимпиадалар ең мықты жас математиктерге арналған зияткерлік жарыстар боп табылады.
АТМО мен ЖЖМО-ға бір мезгілде әлемніңАргентина, Австралия, Ресей, АҚШ, Канада, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Корея, Қырғызстан, Малайзия, Мексика, т. б. сияқты қырықтан астам елі қатысты.
Олимпиада математикалық ғылымдар саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсетуге жағдай жасау, қатысушы елдер арасындағы халықаралық білім беру және ғылыми байланыстарды дамыту мақсатында өткізіледі.
Биыл олимпиадаға 120 қазақстандық оқушы, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласынан 17 оқушы қатысты.
Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасында елордалық оқушылар
Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасында елордалық оқушылар 11 медаль жеңіп алды:
2 алтын медаль – Дүйсенбеков Данат – “Спектрум” ММ және Раушанов Марлен – дарынды ер балаларға арналған БИЛ ;
3 күміс медаль – Дюсенбаев Козыкорпеш және Алпысбеков Алихан-ндарынды ер балаларға арналған БИЛ, Баймульдин Даниил-Экономикалық лицей;
6 қола медаль – Сам Фетуллах және Абсаттаров Нурдаулет- дарынды ер балаларға арналған БИЛ , Ашкен Абылай- “Спектрум” ММ, Жеңіс Алиби және Кусдавлетов Эльдар – “Нур Орда” Л және Уалиева Дильназ – №9 “Зерде” М.
“Жібек жолы” Халықаралық математикалық олимпиадасында елордалық оқушылар қоржыны тағы 11 медальмен толықты:
6 күміс медаль – Дүйсенбеков Данат пен Ашкен Абылай – “Спектрум” ММ, Раушанов Марлен, Сам Фетуллах және Дүйсенбаев Қозықорпеш – дарынды ер балаларға арналған БИЛ, Кусдавлетов Эльдар – “Нур Орда» Л;
5 қола медаль – Әбдікәрімов Бексұлтан және Алпысбеков Әлихан – Дарынды ер балаларға арналған БИЛ, Баймульдин Даниил – Экономикалық лицей, Жеңіс Әліби– “Нұрорда” Л және Уалиева Дильназ –№9 “Зерде” М.

Осындай ауқымды халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін және олардың жетекшілерін құттықтаймыз!!!

«Елбасы медалі» жобасының қола медалімен марапаттау рәсімі

 

2021 жылдың 12 наурызы күні Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында (Б.Момышұлы даңғылы, 5) Нұр-Сұлтан қаласының 28 үміткерін «Елбасы медалі» жобасының қола медалімен марапаттау рәсімі өтті.
«Елбасы медалі» жобасы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «El umiti» бастамасын іске асыру аясында жүргізілуде. Қазақстанның Тұңғыш Президенті қуатты Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуында ерекше орын алды.
«Елбасы медалі» – жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Ол 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, Ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Бағдарламаға 14-29 жас аралығындағы жас қазақстандықтар қатысады.
Жобаның мақсаты — қиындықтарды жеңе алатын, әртүрлі салаларда өзін жүйелі түрде дамыта алатын, басқаларға қамқорлық жасай алатын, алға қойылған мақсаттар мен биіктерге жете алатын үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру.
Бұл жоба әр қатысушы үшін білім беру, шығармашылық, мәдени және басқа да қабілеттері мен таланттарын кеңейтуге жағдай жасайды. Бағдарлама әрбір қатысушыға өз мамандығын таба алатындай, өзін-өзі бағалауды жоғарылататын, өз саласында көшбасшы бола алатындай етіп жасалған.
2020 жылдың 14 желтоқсанында Тәуелсіздік күні қарсаңында елордалық алғашқы 14 оқушы қола медаль иегерлері марапатталған болатын.
Еліміздің көктемгі жаңару мерекесі-Наурыз мейрамын мерекелеу қарсаңында “Елбасы медалі” бағдарламасының барлық кезеңдерден сәтті өтіп, жобаның барлық шарттарын орындаған тағы 28 жеңімпаз қола медальмен марапатталды.
Жүлдегерлерді осындай беделді марапатпен құттықтаймыз!
Сіздерге бақыт, денсаулық тілейміз! Жеңіс жолында жетістіктерге жете беріңіздер қымбатты достар!
#елбасымедалі

Елордалық мектептерде «Анамның күлкісі»атты онлайн-көрме ұйымдастырылды

Елорданың жалпы білім беретін мектептерінің бәрінде оқушылар арасында эстетикалық тәрбие беру міндеттерін жүзеге асыру мақсатында 8 наурыз қарсаңында «Анамның күлкісі» атты онлайн-көрме ұйымдастырылды.

Оқушылар 4 наурызда мерекелік іс-шараға тек көрермен ғана емес белсенді қатысқан аналарын құттықтады.

Сол сияқты мектептерде «Қымбатты ана!» атты үздік бейнеқұттықтаулар, мерекелік ашықхаттар, қолдан жасалған бұйымдар мен басқа да жұмыстар дайындады.

Елордалық оқушылар халықаралық байқауда жақсы нәтиже көрсетті

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылғы 1-3 наурыз аралығында ZOOM платформасында Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша ХІ халықаралық зерттеу жобалары конкурсын өткізді.

Халықаралық конкурсқа Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстанның барлық өңірінен 200-ден астам бала қатысты. Нұр-Сұлтан қаласының атынан бұл конкурста 17 оқушы бақ сынады. Нәтижесінде елордалық оқушылар жақсы нәтиже көрсетті:

ІІІ орын, қола медаль – Дана Шортан, Дана Жүнісова (БИЛ қыздар) және Олеся Озернов (№32 мектеп-гимназиясы);

ІІ орын, күміс медаль – Исмайыл Қуандықов (№54 мектеп-лицейі), Абай Садыков (№37 мектеп-лицейі).

Конкурстың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдар және медальдармен марапатталады.

«Ата-аналар клубы» аясында өткен вебинар туралы

2021 жылдың 3 наурызы күні http://www.youtube.com алаңында «Ата-аналар клубы» қалалық қоғамдық диалог алаңы аясында жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлқы: не істеу керек?» тақырыбында елордалық колледждер мен мектеп оқушыларының ата-аналар қауымдастығы үшін үшін вебинар өтті.
Вебинардың авторы және модераторы-Тесленко Александр Николаевич, «Астана дарыны» ДДжПСО ғылыми кеңесшісі, п.ғ. д., с. ғ. д., профессор. Вебинарға 221 ата-ана қатысты. Тақырыптың өзектілігі педагогикалық қоғамдастықтың ерекше алаңдаушылығымен байланысты, жасөспірімдер мен жастар ортасында аутоагрессивті әрекеттердің, ең алдымен суицид жоспарының едәуір жоғарылауы. Көптеген аутодеструктивті тәжірибелердің басталуы 13-16 жасқа келеді, әртүрлі статистикаға сәйкес, қазіргі заманғы әрбір үшінші жасөспірім өз-өзіне қол салуымен таныс. Вебинар барысында қатысушылар ювеналды суицидологияның негіздерімен танысты: қауіпті мінез-құлықтың табиғаты, аутодеструкцияның нысандары мен құрылымы, суицидтік мінез-құлықтың себептері. Вебинардың және ата-аналарды толғандыратын «Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауының алдын алу үшін не істеу керек?» деген негізгі сұрағына жауап ретінде ата-аналар суицидтік мінез-құлықтың ауызша және мінез-құлық маркерлерімен таныстырылды, қазіргі жасөспірімдермен қарым-қатынас ерекшеліктері бойынша психологиялық-педагогикалық ұсыныстар берілді.
Вебинардың дәрістік бөлімі аяқталғаннан кейін проф. А. Н. Тесленко ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған аспаздық өнер бойынша мастер-класс ұйымдастырылды

Ағымдағы жылдың 1 наурыз күні Сервис және туризм колледжі базасында Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы мен «Бақытты Шаңырақ» қоғамдық қоры арасында бірлескен іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған аспаздық өнер бойынша мастер-класс ұйымдастырылды.

Аталған мастер-классқа 6-18 жас аралығындағы 10-нан астам бүлдіршін қатысты. Олар шара барысында пицца дайындау бойынша аспаздық өнерді меңгерді және іс-шара соңында өз қолдарымен жасалған тағамдармен жақындарына дәм таттырды.