Хабарландыру

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы хабарлайды: 22.01.2021 жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің ЕКІНШІ ауысымындағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтықтан оқыту форматына ауысады.

 

Хабарландыру

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы хабарлайды: 22.01.2021 жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің БІРІНШІ ауысымындағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтықтан оқыту форматына ауысады.

Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына арналған атқарылған іс-шаралар өткізілуде

Биыл ұлы ақын және ойшыл, қазақ халқының ұлы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл. Абай философиясы өзінің халқы, мәдениеті мен тілі туралы дана ойларымен кейінгі қазақстандықтардың кейінгі ұрпақтары үшін құнды рухани мұраға айналды. 

Барлық білім беру ұйымдарында Абайдың туған күніне арналған іс-шаралар өткізіледі:

Бүгінгі шығармашылық кездесудің арнайы қонағы – актер, әнші, композитор Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төс белгісінің иегері – Құмарбек Қалқатаев. Кеш барысында, Құмарбек Қалқатаев «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, қалам қас», «Сұрғылт тұман дым бүркіп», «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын», «Қараңғы түнде тау қалғып», тағы басқа көптеген Абай атамыздың музыкалық шығармаларын қазақ халқының осы ән жанрындағы алтын сандығын толтырып қана қоймай, оған ерекше серпінді әуез, бай мазмұн, жаңа ырғақ, түр беріп, ұлттық музыкамыздың шығар биігін аспандата түсті. Іс-шараға 80 нен аса оқушы қатысты.

«Абай нұры» өнерлі жастар клубының жетекшісі, абайтанушы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, – “Абайтану” бағдарламасының авторы Алмахан Мұхаметқалиқызы 8-10 сынып оқушыларына дəріс оқыды. Абайтану туралы кіріспе сөзден кейін, Абайтанудың мектеп бағдарламасында оқылуын үш кезеңге бөліп қарайтынын баса айтты. Оқушылардың жас ерекшелігіне қарай, “Бала-Абай”, “Ақын – Абай”, “Хакім – Абай” туралы кезеңдерін түсіндірді. Іс-шараға 150 ден аса оқушы қатысты.


Ұлы ақынымыз – Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Қазақстан Республикасының сенаты депутаты- Дана Нұржігіт мектебіміздегі “Абай мұражайымен” танысып шықты. Мұражай меңгерушісі: Алмахан Мұхаммедқалиқызы қонағымызға мұражайдың атқарып жатқан жұмысымен, жәдігерлермен, “Абай нұры” клубының жоспарларымен бөлісті. 120 дан астам оқушы қатысты.

«Абайдың сүйікті ойыны – тоғызқұмалақ» атты Абайтанушылар мен оқушылар арасында қалалық шеберлік сайысы өтті. Мұндағы мақсат – Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында бұрын-соңды болмаған Абайға тікелей қатысты ұлттық ойынның мемлекет деңгейінде құндылығын арттырып, тойда арнайы Республикалық тоғызқұмалақ сайысын өткізуге ықпал ету.
Тоғызқұмалақ ойынын дәстүрге айналдырып, Республикалық спорт комитеттерімен бірлесе отырып кеңінен дамыта түсуге ниет қойды.

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының “Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназия” КММ-де Қазақтың ұлы ойшылы, бас ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл мерейтойына орай, ақынның ғибратқа толы, ауқымды мұрасын өскелең ұрпаққа дәріптеу мақсатында «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығы ашылды.

Нұр – Сұлтан қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының өлеңдерін насихаттаушы Даниал Сабырұлы Әнесовпен «Абай сағаты» атты 8-11 сынып оқушыларының қатысуымен кездесу өтті. Аталған «Абай сағатына» Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық ғылым Академиясының өкілдері, қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері қатысты.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Абай академиясы» ғылыми- зерттеу институты, қазақ әдебиеті кафедрасы және Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасымен ұйымдастырылған «Абай мұрасын талдаудағы жаңа ұстанымдар» атты ғылыми семинар өтті. Семинарға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, ҚР ҰҒА академигі Д.Қамзабекұлы мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының директоры Е.Сайлаубай және Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Ж. Сейдахметқызы қатысты.

8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай әкімдіктің шаруашылық жағында еңбек етіп жүрген қыз-келіншектерге мерекелік ақ тілек білдірілді

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Қадырова Шолпан Маратқызы әкімдіктің шаруашылық жағында еңбек етіп жүрген қыз-келіншектерге мерекелік ақ тілегін білдірді.
Әйел-Ана – өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ақ пейілдің, пәктік пен тазалықтың қайнары. Ал, Елордамыздың мерейінің үстем болуында, нәзік жандылардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі жатқандығына ризашылығын білдірді.
Көктемнің осынау шуақты мерекесінде көңіл нұрға, жүрек жырға бөленіп, гүлдей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, сұлулықтың, иесі болып бақыт пен қуанышқа толы шаттық күндер, денсаулық, шаттық, отбасыларына құт-береке, амандық тілегі білдірілді!

«Жас сарбаз – мейірімділік біріктіреді» жобасының ашылу салтанаты өтті

2020 жылғы 21 ақпанда Қазақстан Республикасы Қорғаныс Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Қорғаныс істері бойынша департаменті және «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының «Жас сарбаз» тәрбиеленушілері үшін «Волонтёрлер жылының» аясында әскери-патриоттық тәрбиені және волонтёрлік қызметті дамыту бағытындағы «Жас сарбаз – мейірімділік біріктіреді» жобасының ашылу салтанаты өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты, Халық қаһарманы, генерал Б.Ертаев, Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Республикалық «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының өкілдері, тағы басқа қонақтар қатысты.
Сонымен қатар іс-шараға елордамыздың білім беру ұйымдарында тәрбиеленіп жатқан 350 Жас сарбаз қатысып, жоба барысында «Жас сарбаз» тәрбиеленушілері қатарынан спорт түрлерінің халықаралық, азия чемпиондары (№ 16, 30, 37, 52, 65 және басқа да мектеп оқушылары), «SMART-SARBAZ» сыныптарының оқушылары (№ 4, 10, 16, 18, 29, 40, 50, 58, 65, 77 мектеп оқушылары) өз өнерлерін көрсетті.

 

 

“Birgemiz” мотивациялық кездесу

2020 жылдың 20 – ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласы Білім асқармасы “Аялаған Алақан” қоғамдық қайырымдылық қорымен бірлесе отырып, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға “Birgemiz” мотивациялық кездесу жаңа жобасын ұйымдастырды.

Жоба достық, бейресми жағдайда шай үстінде шақырылған қонақтар балалармен мотивация және мақсатқа жету, жетістікке жету жолдары өзін-өзі тәрбиелеу, қажырлы еңбек және оқу маңыздылығы туралы әңгімелейді.
Орталықтың бірінші қонағы Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты басқармасының басшысы Кайырбек Дәулет Жамаубайұлы болды.
Дәулет Жұмабайұлы университетте және мектепте басынан өткен қызықты оқиғаларымен бөлісті. Балалармен ортақ тақырып футбол жайлы болды. Мотивациялық кездесулер балаларға жетістікке жеткен адамдармен жақын танысып сұқбаттасуға мүмкіндік береді және тұрақты өткізіліп отырады.

 

 

“Antikor ortalygy” базасында жеке қабылдау өткізілді

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауынан “Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады”.

19 ақпан күні сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Тоқпанов көшесі, 45 мекенжайы бойынша орналасқан “Antikor ortalygy” базасында Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қадырова Шолпан Маратқызының қатысуымен азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылды және өткізілді.
Елорда тұрғындары білім беру мәселелері бойынша сұрақтарына жауап алуға, Білім басқармасының өкілдерімен оларды толғандыратын тақырыптарды талқылауға мүмкіндік алды.
Қабылдау қорытындысы бойынша әртүрлі сұрақтармен 6 азамат қабылданды, оның 2-уі сол жерде шешілді , қалған сұрақтар қаралып, өтініш берген азаматтарға жауап ұсынылатын болады.