Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 37 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 45, 46-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Білім туралы» 2007 жылғы        27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының             17-бабына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының «Білім беруді жаңғырту орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Білім беруді жаңғырту орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын)  болып қайта ұйымдастырылсын. 

2. «Нұр-Сұлтан қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне Кәсіпорынның Жарғысы мен тапсыру актісі бекітілсін.

3. Кәсіпорынның басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде заңды тұлғаны әділет органдарында қайта тіркеуді жүргізсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін.

Әкім
А. Көлгінов

Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық  сүйемелдеу  орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта құру туралы

 

Астана қаласы әкімдігінің
«Астана дарыны» дарындылықты
дамыту және психологиялық  сүйемелдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта құру туралы

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 45, 46-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңы 134-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі – Кәсіпорын) біріктіру жолымен қайта құрылсын.
2. Кәсіпорынның Жарғысы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекiтiлсiн.
3. «Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте тапсыру актісін бекітсін.
4. Кәсіпорын басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде заңды тұлғаны әділет органдарында қайта тіркеуді жүргізсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін.

 

Әкім А. Көлгінов

 

Әкімнің орынбасары Б. Мәкен
«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің
аппараты» мемлекеттік
мекемесі мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің басшысы Ж. Шәукентаев

«Нұр-Сұлтан қаласының
Активтер және мемлекеттік
сатып алу басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Е. Өтебаев

«Нұр-Сұлтан қаласының
Стратегиялық және бюджеттік
жоспарлау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Қ. Маңқараев

«Нұр-Сұлтан қаласының
Білім басқармасы»
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы Ш. Қадырова

 

«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің

2019 жылғы «___»__________

№ ____________қаулысына

7-қосымша

 

 

«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы»

мемлекеттік мекемесі туралы

ереже

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Нұр-Сұлтан қаласының аумағында білім беру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгіде бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  4. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  6. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  8. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Бейбітшілік көшесі, № 11.
  9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
  10. Осы Ереже «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  11. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  12. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

 

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: азаматтардың сапалы білім алуға конституциялық құқығын, білім беру қызметтеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету, қоғамның білімге және мемлекеттің білікті мамандарға қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.
  2. Міндеттері:

1) өңірлік, демографиялық және басқа да ерекшеліктерді ескере отырып, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейін білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

2) қоғам дамуының өзгеру жағдайларына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы білім беру жүйесінің тиімді қызмет етуін және оны әлеуметтік-экономикалық қорғауды қамтамасыз ету;

3) білім беру саласындағы мемлекет саясатының қағидаттары негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім беруді дамыту және білім бағдарламаларын игеру үшін жағдай жасау;

4) дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерді, арнайы білім беру ұйымдарын дамыту бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету;

5) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша білім, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында ерекше білімді қажет ететін балаларға жағдай жасау; 6) кәмелетке толмағандар арасында қадағалаусыздық пен панасыздықтың, құқық бұзушылықтың және қоғамға қарсы іс-әрекеттердің алдын алу саласындағы іс-әрекетті үйлестіруді қамтамасыз ету;

7) оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану, бірыңғай білім беру ақпараттық ортасын қалыптастыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу;

8) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балалардың барлық санаттарының құқықтарын іске асыруға байланысты іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;

10) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын сақтау;

11) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру;

12) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жылжыту кезінде гендерлік теңгерім нормаларын сақтау;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді іске асыру.

  1. Функциялары:

1) мемлекеттік басқару органдарының және басқа да ұйымдардың қатысуымен халықтың білім алу қажеттілігінің өзгеруін болжауды ұйымдастыру, Нұр-Сұлтан қаласының білім беру жүйесін тиімді дамыту стратегиясын, тұжырымдамасын әзірлеу, өңірлік және нысаналы бағдарламаларды, даму жоспарын жасау мен уәкілетті органға бекітуге ұсыну, өз құзыреттілігі шегінде оларды іске асыру және орындалуын бақылау бойынша шараларды жүзеге асыру;

2) білім беру жүйесінің жай-күйін және жалпы білім беру мен кәсіптік қажеттілігін қанағаттандыру деңгейін талдау, қала халқының барлық әлеуметтік топтарының білім алуға қажеттілігі мен сұранымын қанағаттандыру үшін қажетті жағдай жасау;

3) білім беру ұйымдарында тиімді білім беру қызметін қамтамасыз ету, ведомстволық бағынысты барлық білім беру ұйымдары үшін қамтудың өңірлік бөлігін әзірлеу;

4) білім беру желісіндегі оқушылар мен тәрбиеленушілер контингентінің өзгеру беталысын болжауды қамтамасыз ету, оқушылардың оқу нысанын, үлгісін, бейінін және тілін таңдау мүддесін және халықтың сұранымын барынша қанағаттандыру үшін қалада жаңа үлгідегі білім беру мекемелерін дамыту жөнінде шаралар кешенін белгілеу;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте     Нұр-Сұлтан қаласының білім беру саласында шарттар мен келісімдер жасау;

6) «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі құзырындағы коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарға қатысты уәкілетті органның функциясын жүзеге асыру;

7) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді дамытудың мәселелерін шешуді, мамандарды даярлау бойынша мемлекеттік білім тапсырысын орындауды қамтамасыз ету;

8) қаланың білім беру мекемелерінің педагогикалық және басшы кадрлармен қамтамасыз етілуін зерделеу және олардың жаңа мамандарды даярлауға қажеттіліктерін педагогикалық жоғары оқу орындарымен және кадрларды қайта даярлау бойынша өзге де әлеуметтік серіктестермен бірлесіп болжауды жүзеге асыру және қаладағы педагогикалық білім беру жүйесін құру және жетілдіру;

9) кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін педагогикалық инженерлік-педагогикалық және басқару кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлауды ұйымдастыру;

10) педагог кадрларды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу, біліктілік санаттарын беруді, растауды, педагог кадрларды аттестаттаудан өткізу ережелерінің сақталуын бақылауы іске асыру;

11) білім беру ұйымдарының қаржылық қамтылуын талдау, білім беру саласы бойынша ұсыныстарды бюджетті жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарға енгізу;

12) жергілікті бюджет бағдарламаларының әкімшісі функциясын атқару;

13) ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын дамыту, қаржылық қамтылуын жетілдіру;

14) ведомстволық бағынысты мекемелер мен кәсіпорындарда мемлекеттік мүлікті басқару бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру;

15) мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;

16) ведомствоға бағынысты кәсіпорындардың дамыту жоспарлары мен оларды орындау есептерін белгіленген мерзімде қарастыру, келісу және бекіту;

17) ведомстволық бағынысты мекемелер мен кәсіпорындардағы мүліктің сақталуына бақылау жүргізу;

18) коммуналдық заңды тұлғаға берілген немесе олар меншікті шаруашылық қызметінің нәтижесінде иеленген коммуналдық мүлікті алып қоюға немесе мүлікті қайта бөлуге коммуналдық мүлік бойынша өкілетті органға келісім беру;

19) «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басқа мемлекеттік және жергілікті басқару органдарымен, қоғамдастықпен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен іс-әрекет саласын кеңейту;

20) оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқуы, тәрбиесі, өмірі мен денсаулығын қорғауға қатысты қалада жүргізілетін эксперименталдық әдістемелер мен технологиялар үшін ғылыми-әдістемелік және психологиялық-медициналық-педагогикалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, қаланың мектепке дейінгі, жалпы білім беретін, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына көмек көрсету, психологиялық-медициналық-педагогикалық, әлеуметтік, заң, диагностикалық орталықтар құру. Қалада оқыту мен тәрбиелеудің, кадрлар даярлаудың білім беру және кәсіптік жаңа инновациялық технологияларды енгізу үшін мектептер, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының базасында эксперименттік алаңдар ұйымдастыру;

21) жаңадан енгізілгендерді кешенді сараптауды, жаңа оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын, педагогикалық және басқару жаңашылдықтарды эксперименттік сынақтан өткізу, оларды енгізуге ұсыну, кешенді сараптаудан өткізу;

22) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жаңа бағдарламалық-әдістемелік қамтуды әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу;

23) жастардың қажеттіліктерін ескере отырып, оларға техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасын ұйымдастыруда халықты әлеуметтік қорғау қызметтеріне көмек көрсету;

24) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды, жол жүру және медициналық қызмет көрсетуді және мектепке балаларды тасымалдауды ұйымдастыру;

25) қаланың білім және кәсіптік жүйесінің ғимараттармен және орын-жайлармен және де олардың жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдаймен қамтамасыз етілуін талдау;

26) Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің қарауына мемлекеттік білім беру ұйымдарының қажеттілігін ескере отырып, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді сақтау және дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу мен ұсыну;

27) қаланың білім беру ұйымдарының оқулықтармен және оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілуін талдау, білім беру ұйымдарының кітапханалық қорын жаңарту үшін оқулықтар, бағдарламалық-әдістемелік құралдарды мемлекеттік сатып алуды және жеткізуді жүзеге асыру;

28) қаланың таңдаулы білім беру қызметкерлерін ынталандыру туралы құжаттар дайындау, мемлекеттік наградалар және құрметті атақтар, сондай-ақ ведомстволық наградалар беру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ұсыныс дайындау;

29) елдің басқа өңірлерімен және шетелдік білім беру, ғылым және мәдениет ұйымдарымен, халықаралық ұйымдар және қорлармен тікелей байланысты орнату, білім алушылармен, педагогикалық және ғылыми қызметкерлермен алмасу халықаралық бағдарламаларына қатысу, адамгершілік-рухани тәрбие мәселелері бойынша бірлескен конференциялар, семинарлар, жиналыстар, тренингтер өткізу, білім беру және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өңірлік бағдарламалар әзірлеу;

30) мемлекеттік органда және ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарында жемқорлыққа қарсы және құқықтық сауаттылық іс-шараларын ұйымдастыру;

31) «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің мәселелері бойынша өз құзыреті шегінде шетелдік заңды және жеке тұлғалармен халықаралық іс-тәжірибені зерделеу және ынтымақтастықта болу;

32) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды жүргізу, олардың заңды талаптары мен негізделген өтініштерінің орындалуын қамтамасыз ету, білім беру ұйымдарының қызметіндегі кемшіліктерді жою жөнінде шара қабылдау;

33) балалардың құқықтарын қорғау, сонымен қатар қамқорлық және қорғаншылық, патронат, баланы асырап алу (қызды асырап алу), балалардың құқығын және заңды мүдделерін қорғау, олардың әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету, өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, балалардың өмірін жақсартуға бағытталған мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттарды сақтау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын және халықаралық шарттарды іске асыруда бақылау мен мониторингті жүзеге асыру;

34) білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету;

35) балалардың мүддесі мен құқықтарын көрсететін балалардың әлеуметтік маңызды бастамалары мен жобаларын ынталандыру және қолдау;

36) балаларға қатысты әлеуметтік жетімдіктің, зорлық-зомбылықтың және қатыгез қараудың, балалар еңбегінің ең нашар түрінің алдын алу бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;

37) кәмелетке толмағандар арасында қадағалаусыздық, панасыздық, құқық бұзушылықтың және басқа процестердің пайда болуына себеп болатын жағдайларды анықтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, «қатер» тобына жататын тұрмысы нашар отбасыларымен, балалармен жұмыс жүргізу;

38) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қаулыларын орындау;

39) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру, олардың қызметіне тәжірибелік көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акцияларын өткізу;

40) білім беру ұйымдарының және мамандандырылған, интернат мекемелерінің қызметін үйлестіру және бақылау;

41) қиын өмір жағдайына тап болған балаларды табу және алғашқы есепке қою, балалардың өмір сүру сапасын жақсарту және олардың заңды құқығын іске асыру үшін оларға көмек көрсету және жағдай жасауға ықпал ету;

42) Бала құқығы туралы конвенция ережелерін, адамгершілік-рухани тәрбие бағдарламаларының іске асырылуына мониторингі жасау, балалардың әлеуметтік әл-ауқаты мен рухани өсуіне талдау және болжау жүргізу,           Нұр-Сұлтан қаласындағы балалардың өмірін жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу. Бала құқығы және оны іске асыру жолдары туралы халықты ақпараттандыру деңгейін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру;

43) Нұр-Сұлтан қаласындағы балалардың жағдайы туралы зерттеу жүргізуді ұйымдастыру, жылсайынғы есеп дайындау;

44) балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз ету;

45) «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мәселелеріне қатысты жергілікті атқарушы органның нормативтік-құқықтық, сондай-ақ құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу (білім беру ұйымдарын құру, қайта атау, қайта ұйымдастыру, тарату және басқалар);

46) білім беру саласындағы қызметтің соңғы нәтижесіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік органдармен және өзге де заңды тұлғалармен меморандумдар, келісімдер мен өзге де актілерді жасау және іске асыру;

47) жергілікті атқарушы органға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін басқа да өкілеттікті жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру.

48) негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруін және қамтамасыз етілуін ұйымдастырады және олардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

49) білім беру мониторингін жүзеге асырады;

50) білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңестерге көмек көрсету;

51) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз ету;

52) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру;

53) білім беру саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру;

54) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын әзірлеу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жекешелік әріптестікті айқындау жөніндегі конкурстарды өткізуді ұйымдастыру және конкурс қорытындысы бойынша шарттар жасасу.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) жоғары тұрған органдарға белгіленген тәртіппен қаланың білім беруді дамыту мәселелері бойынша жобалар әзірлеу және енгізу;

2) білім беру саласына қатысты мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдар әзірлеген жобалар мен бағдарламаларға әлеуметтік-педагогикалық сараптама жүргізу;

3) білім берудің базалық бөлігін, оқу жоспарларын, бағдарламалар мен өзге де оқу-әдістемелік құжаттардың мазмұнын нақтылау, өзгерістер мен толықтырулар (келісім бойынша) енгізу;

4) мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдар мен лауазымды тұлғалардан өз құзыретіндегі мәселелер бойынша ақпарат сұрату және алу;

5) «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін барлық құзырлы мемлекеттік, әкімшілік органдарында, сондай-ақ сотта және құқық қорғау органдарында ұсыну;

6) қала аумағында Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына қайшы келетін жергілікті атқарушы органдар шешімдерінің, қаланың мекемелері мен қызметтерінің нормативтік және әдістемелік құжаттарының күшін жоюын ұсыну;

7) қаланың білім беру саласын дамытуды ғылыми және ақпараттық қамтуды әзірлеу және іске асыру үшін шарттық және келісім-шарттық негізде ғылыми-зерттеу ұжымдарын, ұйымдарды, орталықтарды, жеке ғалымдар мен басқа да тұлғаларды (келісім бойынша) тарту;

8) педагог қызметкерлерге біліктілік санаттарын беру және растау;

9) мемлекеттік білім беру мекемелерінің құрылымы мен шекті штаттық санын бекіту.

 

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің қызметін ұйымдастыру

 

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
  2. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
  4. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

1) өзінің орынбасарлары мен «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бөлімдері басшыларының міндеттерін анықтайды және жауапкершілік деңгейін белгілейді;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында білгіленген тәртіппен «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін көтермелеу мәселелерін шешеді және оларға тәртіптік жазалау шараларын қолданады;

4) өз құзыреті шегінде «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлері мен «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары орындауға міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады;

5) «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережені бекітеді;

6) «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшыларын тағайындайды және жұмыстан босатады, мадақтайды және тәртіптік жаза қолданады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек тәртібін қолдау жөнінде басқа да ықпал ету шараларын қолданады;

7) «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдайды және оған дербес жауап береді;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

9) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді.

 

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің мүлкі

 

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

23. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік, Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық меншігіне жатады.

  1. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізімі:

1) Астана қаласы әкімдігінің «№ 1 «Бәйтерек» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

2) Астана қаласы әкімдігінің «№ 2 «Батыр» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

3) Астана қаласы әкімдігінің «№ 3 «Күншуақ» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

4) Астана қаласы әкімдігінің «№ 4 «Аружан» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

5) Астана қаласы әкімдігінің «№ 5 «Ақбота» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

6) Астана қаласы әкімдігінің «№ 6 «Көктем» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

7) Астана қаласы әкімдігінің «№ 7 «Аққу» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

8) Астана қаласы әкімдігінің «№ 8 «Думан» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

9) Астана қаласы әкімдігінің «№ 10 «Бөбек» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

10) Астана қаласы әкімдігінің «№ 11 «Гауhар» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

11) Астана қаласы әкімдігінің «№ 12 «Қарлығаш» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

12) Астана қаласы әкімдігінің «№ 13 «Тұлпар» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

13) Астана қаласы әкімдігінің «№ 14 «Ақбөпе» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

14) Астана қаласы әкімдігінің «№ 15 «Дарын» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

15) Астана қаласы әкімдігінің «№ 16 «Шағала» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

16) Астана қаласы әкімдігінің «№ 18 «Аяжан» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

17) Астана қаласы әкімдігінің «№ 19 «Балбөбек» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

18) Астана қаласы әкімдігінің «№ 20 Арайлым» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

19) Астана қаласы әкімдігінің «№ 21 «Гүлдер» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

20) Астана қаласы әкімдігінің «№ 22 «Әлем» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

21) Астана қаласы әкімдігінің көз көру қабілеті бұзылған балаларға арналған «№ 23 «Алтын бесік» балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік  мекемесі;

22) Астана қаласы әкімдігінің «№ 24 «Айналайын» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

23) Астана қаласы әкімдігінің «№ 25 «Таңшолпан» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

24) Астана қаласы әкімдігінің «№ 26 «Үміт» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

25) Астана қаласы әкімдігінің «№ 27 «Балауса» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

26) Астана қаласы әкімдігінің «№ 28 «Жұлдыз» санаториялық балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

27) Астана қаласы әкімдігінің «№ 29 «Ақ қайың» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

28) Астана қаласы әкімдігінің «№ 30 «Қайнар» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

29) Астана қаласы әкімдігінің «№ 31 «Ақ сұңқар» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

30) Астана қаласы әкімдігінің «№ 32 «Балдәурен» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

31) Астана қаласы әкімдігінің «№ 33 «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

32) Астана қаласы әкімдігінің «№ 34 «Ақ бидай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

33) Астана қаласы әкімдігінің «№ 35 «Ертегі» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

34) Астана қаласы әкімдігінің «№ 37 «Арман» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

35) Астана қаласы әкімдігінің «№ 38 «Шаттық» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

36) Астана қаласы әкімдігінің «№ 39 «Меруерт» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

37) Астана қаласы әкімдігінің «№ 40 «Құлпынай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

38) Астана қаласы әкімдігінің «№ 41 «Балдырған» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

39) Астана қаласы әкімдігінің «№ 43 «Қызғалдақ» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

40) Астана қаласы әкімдігінің «№ 44 «Үркер» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

41) Астана қаласы әкімдігінің «№ 45 «Самұрық» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

42) Астана қаласы әкімдігінің «№ 46 «Самал» санаториялық балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

43) Астана қаласы әкімдігінің «№ 47 «Ақ желкен» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

44) Астана қаласы әкімдігінің «№ 48 «Ақ көгершін» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

45) Астана қаласы әкімдігінің «№ 49 «Алтынай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

46) Астана қаласы әкімдігінің «№ 50 «Жұлдыз» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

47) Астана қаласы әкімдігінің «№ 52 «Еркетай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

48) Астана қаласы әкімдігінің «№ 53 «Мерей» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

49) Астана қаласы әкімдігінің «№ 54 «Нұр-Ай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

50) Астана қаласы әкімдігінің «№ 55 «Қарақат» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

51) Астана қаласы әкімдігінің «№ 56 «Береке» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

52) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 57 «Салтанат» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

53) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 58 «Өркен» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

54) Астана қаласы әкімдігінің «№ 59 «Аққанат» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

55) Астана қаласы әкімдігінің «№ 60 «Арай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

56) Астана қаласы әкімдігінің «№ 61 «Шолпан» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

57) Астана қаласы әкімдігінің «№ 62 «Нұрсәуле» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

58) Астана қаласы әкімдігінің «№ 63 «Әсем-Ай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

59) Астана қаласы әкімдігінің «№ 64 «Асыл бөбек» арнайы балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

60) Астана қаласы әкімдігінің «№ 65 «Бал бала» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

61) Астана қаласы әкімдігінің «№ 66 «Толағай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

62) Астана қаласы әкімдігінің «№ 67 «Шұғыла» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

63) Астана қаласы әкімдігінің «№ 68 «Балбұлақ» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын;

64) Астана қаласы әкімдігінің «№ 69 «Еркем-ай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

65) Астана қаласы әкімдігінің «№ 70 «Құлыншақ» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

66) Астана қаласы әкімдігінің «№ 71 «Мөлдір» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

67) Астана қаласы әкімдігінің «№ 72 «Жанарым» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

68) Астана қаласы әкімдігінің «№ 73 «Аяулым» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

69) Астана қаласы әкімдігінің «№ 74 «Дәурен» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

70) Астана қаласы әкімдігінің «№ 75 «Балалық шақ» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

71) Астана қаласы әкімдігінің «№ 76 «Әдемі» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

72) Астана қаласы әкімдігінің «№ 77 «Қошақан» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

73) Астана қаласы әкімдігінің «№ 78 «Асыл» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

74) Астана қаласы әкімдігінің «№ 79 «Шабыт» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

75) Астана қаласы әкімдігінің «№ 80 «Ботақан» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

76) Астана қаласы әкімдігінің «№ 81 «Әсемгүл» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

77) Астана қаласы әкімдігінің «№ 82 «Айару» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

78) Астана қаласы әкімдігінің «№ 83 «Жансая» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

79) Астана қаласы әкімдігінің «№ 84 «Кәусар» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

80) Астана қаласы әкімдігінің «№ 85 «Мейіржан» санаториялық балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

81) Астана қаласы әкімдігінің «№ 86 «Зияткер» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

82) Астана қаласы әкімдігінің «№ 87 «Қадыр» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

83) Астана қаласы әкімдігінің «№ 88 «Баян сұлу» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

84) Астана қаласы әкімдігінің «№ 89 «Қыз Жібек» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

85) Астана қаласы әкімдігінің «№ 90 «Еркежан» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

86) Астана қаласы әкімдігінің «№ 91 «Еңлік» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

87) Астана қаласы әкімдігінің «№ 92 «Жауқазын» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

88) Астана қаласы әкімдігінің «№ 93 «Айгөлек» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

89) Астана қаласы әкімдігінің «№ 94 «Сұңқар» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

90) Астана қаласы әкімдігінің «№ 95 «Алматы» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

91) Астана қаласы Білім басқармасының «Гуманитарлық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

92) Астана қаласы Білім басқармасының «Политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

93) Астана қаласы Білім басқармасының «Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

94) Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

95) Астана қаласы әкімдігінің «Құрылыс техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

96) Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

97) Астана қаласы әкімдігінің «Технологиялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

98) Астана қаласы әкімдігінің «Техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

99) Астана қаласы әкімдігінің «Энергетика және байланыс колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

100) Астана қаласы әкімдігінің «Көпбейінді колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

101) Астана қаласы Білім басқармасының «Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

102) Астана қаласы әкімдігінің «Оқушылар сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

103) Астана қаласы әкімдігінің «№ 1 балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

104) Астана қаласы әкімдігінің «№ 2 балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

105) Астана қаласы әкімдігінің «№ 3 балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

106) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 1 өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

107) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 2 өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

108) Астана қаласы Білім басқармасының «Балалар көркемсурет мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

109) Астана қаласы Білім басқармасының «Техникалық шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

110) Астана қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

111) Астана қаласы әкімдігінің «Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

112) Астана қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

113) Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

114) Астана қаласы әкімдігінің «№ 1 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

115) Астана қаласы әкімдігінің «Ғафу Қайырбеков атындағы № 2 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

116) Астана қаласы әкімдігінің «№ 3 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

117) Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

118) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 5 гимназия» мемлекеттік мекемесі;

119) Астана қаласы әкімдігінің «№ 6 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

120) Астана қаласы Білім басқармасының «Ғали Орманов атындағы № 7 мектеп-гимназия» мемлекеттік мекемесі;

121) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 8 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі;

122) Астана қаласы әкімдігінің «Дарынды балаларға арналған № 9 «Зерде» мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

123) Астана қаласы әкімдігінің «№ 10 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

124) Астана қаласы әкімдігінің «№ 12 балабақша-бастауыш мектеп» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

125) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 13 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі;

126) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 14 мектеп-гимназия» мемлекеттік мекемесі;

127) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 15 мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі;

128) Астана қаласы Білім басқармасының «Төлеген Айбергенов атындағы № 16 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі;

129) Астана қаласы Білім басқармасының «Ақан Құрманов атындағы      № 17 мектеп-гимназия» мемлекеттік мекемесі;

130) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 18 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі;

131) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 19 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі;

132) Астана қаласы әкімдігінің «№ 20 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

133) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 21 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі;

134) Астана қаласы әкімдігінің «№ 22 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

135) Астана қаласы әкімдігінің «№ 23 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

136) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 24 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі;

137) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 25 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі;

138) Астана қаласы әкімдігінің «№ 26 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

139) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 27 мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі;

140) Астана қаласы әкімдігінің «№ 28 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

141) Астана қаласы әкімдігінің «№ 29 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

142) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 30 мектеп-гимназия» мемлекеттік мекемесі;

143) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 31 мектеп-гимназия» мемлекеттік мекемесі;

144) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 32 мектеп-гимназия» мемлекеттік мекемесі;

145) Астана қаласы Білім басқармасының «Нұркен Әбдіров атындағы      № 33 балабақша-бастауыш мектеп» кешені» мемлекеттік мекемесі;

146) Астана қаласы әкімдігінің «№ 34 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

147) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 35 мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі;

148) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 36 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі;

149) Астана қаласы Білім басқармасының «Сырбай Мәуленов атындағы № 37 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі;

150) Астана қаласы әкімдігінің «№ 38 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

151) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 39 кешкі (ауысымды) мектеп» мемлекеттік мекемесі;

152) Астана қаласы әкімдігінің «Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

153) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 41 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі;

154) Астана қаласы әкімдігінің «№ 42 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

155) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 43 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі;

156) Астана қаласы әкімдігінің «№ 44 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

157) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 45 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі;

158) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 46 балабақша-мектеп-гимназия» кешені» мемлекеттік мекемесі;

159) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 47 балабақша-мектеп-гимназия» кешені» мемлекеттік мекемесі;

160) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 48 мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі;

161) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 49 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі;

162) Астана қаласы әкімдігінің «Райымбек батыр атындағы № 50 «Қазғарыш» мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

163) Астана қаласы әкімдігінің «№ 51 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

164) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 52 мектеп-гимназия» мемлекеттік мекемесі;

165) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 53 мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі;

166) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 54 мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі;

167) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 55 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі;

168) Астана қаласы әкімдігінің «№ 56 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

169) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 57 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі;

170) Астана қаласы әкімдігінің «№ 58 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

171) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 59 мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі;

172) Астана қаласы әкімдігінің «№ 60 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

173) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 61 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі;

174) Астана қаласы әкімдігінің «№ 62 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

175) Астана қаласы әкімдігінің «№ 63 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

176) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 64 мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі;

177) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 65 мектеп-гимназия» мемлекеттік мекемесі;

178) Астана қаласы әкімдігінің «№ 66 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

179) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 67 гимназия» мемлекеттік мекемесі;

180) Астана қаласы әкімдігінің «№ 68 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

181) Астана қаласы әкімдігінің «№ 69 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

182) Астана қаласы әкімдігінің «№ 70 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

183) Астана қаласы әкімдігінің «№ 71 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

184) Астана қаласы әкімдігінің «№ 72 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

185) Астана қаласы әкімдігінің «№ 73 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

186) Астана қаласы әкімдігінің «№ 74 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

187) Астана қаласы әкімдігінің «№ 75 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

188) Астана қаласы әкімдігінің «№ 76 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

189) Астана қаласы әкімдігінің «№ 77 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

190) Астана қаласы әкімдігінің «№ 78 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

191) Астана қаласы әкімдігінің «№ 79 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

192) Астана қаласы әкімдігінің «№ 80 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

193) Астана қаласы әкімдігінің «№ 81 Astana English School мамандандырылған гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

194) Астана қаласы әкімдігінің «№ 82 «Дарын» мамандандырылған лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

195) Астана қаласы әкімдігінің «№ 83 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

196) Астана қаласы әкімдігінің «№ 84 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

197) Астана қаласы әкімдігінің «№ 85 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

198) Астана қаласы әкімдігінің «№ 86 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

199) Астана қаласы әкімдігінің «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

200) Астана қаласы әкімдігінің «Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

201) Астана қаласы әкімдігінің «Кәсіптік-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

202) Астана қаласы әкімдігінің «№ 1 арнайы мектеп-интернат» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

203) Астана қаласы әкімдігінің «№ 2 арнайы мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

204) Астана қаласы әкімдігінің «Балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

205) Астана қаласы әкімдігінің «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

206) Астана қаласы әкімдігінің «№ 1 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

207) Астана қаласы әкімдігінің «№ 2 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

208) Астана қаласы әкімдігінің «№ 3 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

209) Астана қаласы әкімдігінің «№ 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

210) Астана қаласы әкімдігінің «№ 5 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

211) Астана қаласы әкімдігінің «№ 1 оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

212) Астана қаласы әкімдігінің «№ 2 оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

213) Астана қаласы әкімдігінің «№ 1 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

214) Астана қаласы әкімдігінің «№ 2 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

215) Астана қаласы әкімдігінің «№ 3 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

216) Астана қаласы әкімдігінің «№ 4 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

_______________________

Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы бұзу салдары

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үлкен назарды, мемлекеттік сатып алу саласындағы білім мен дағдыларды талап етеді.

Сонымен бірге, лауазымды тұлғалар заңнаманы білмеуіне және мемлекеттік сатып алу ресімдерін бұзу салдарына байланысты, әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатын осындай бұзушылықтарға жол берген біраз жағдайлар бар.

Осыған байланысты, бұзушылықтар мен жауаптылық түрлерін қарастыруды ұсынамыз.

Мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзғанына әкімшілік жауаптылық «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 207-бабымен қарастырылған.

Мәселен, Кодекстің жоғарыда көрсетілген баптың бірінші бөлігіне сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) қойылатын не баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде орналастырылатын ақпаратта әлеуетті өнім берушілерге сандық жағынан өлшенбейтін және (немесе) әкімшілендірілмейтін кез келген талаптар белгілеу не сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген әлеуеттi өнiм берушiлерге тиесiлiлігiн айқындайтын сипаттамаларын көрсету арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын бұзу – лауазымды адамдарға 50 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

Аталған құқық бұзушылықтар субъектісі – конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) қойылатын не баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырудың бірінші басшысы, тапсырыс беруші немесе оның міндетін атқарушы тұлға болып табылады.

Қарастырылып отырған баптың екінші бөлігі конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасын алдын ала талқылау шеңберінде келіп түскен, конкурстық құжаттаманың (аукиондық құжаттаманың) жобасына ескертулерді уақтылы қарамау, сол сияқты мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасын алдын ала талқылау хаттамасын, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың (аукиондық құжаттаманың) мәтінін уақтылы орналастырмау – лауазымды адамдарға 30 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

Аталған құқық бұзушылықтың лауазымды тұлғасы мемлекеттік сатып алуды ресімдерін ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырудың бірінші басшысы, тапсырыс беруші немесе оның міндетін атқарушы тұлға болып табылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту, Кодекстің 207-бабының үшінші бөлігімен және Қазақстан Республикасының Президентімен, тапсырыс берушімен немесе оның міндеттерін орындаушы тұлғамен айқындалатын бірінші басшыға на жауапты хатшыға немесе өзге де жауапты хатшының уәкілеттілігін жүзеге асыратын тұлғаға әкімшілік айыппұл 100 АЕК мөлшерінде салынатыны көзделген.

Конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтiнiмдерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келтіру мерзімі өткеннен кейін, конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтiнiмдi жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтiнiмде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиiсті түрде ресiмделмеген құжаттарды сәйкес келтiруге байланысты конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) сұрау салуды жіберуі және өзге де әрекеттері – лауазымды адамдарға қарастырылып отырған Кодекстің төртінші бөлігімен 100 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

Аталған құқық бұзушылыққа 100 АЕК мөлшерінде лауазымды тұлғаға айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылық қарастырылған.

Аталған бөліктерде лауазымды тұлғалар ретінде конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасы және оның орынбасары, сондай-ақ конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) мүшелері мен хатшысы түсіндіріледі.

Бұдан басқан, Кодекстің 207-бабының бесінші бөлігі әлеуеттi өнiм берушiлерге және (немесе) олар тартатын, жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердiгерлеріне (бiрлесiп орындаушыларына) конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген бiлiктiлiк талаптарын белгiлеу – лауазымды адамдарға 100 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға алып келетіні қарастырылған.

Аталған бұзушылықтар бойынша лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының Президентімен, тапсырыс берушімен немесе оның міндеттерін орындаушы тұлғамен айқындалатын бірінші басшыға на жауапты хатшыға немесе өзге де жауапты хатшының уәкілеттілігін жүзеге асыратын тұлға болып табылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететiн өлшемшарттарды конкурстық құжаттамаға енгiзбеу бөлiгiнде бұзу – мемлекеттік сатып алуды ресімдерін ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырудың бірінші басшысы, тапсырыс беруші немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға 50 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

Кодекстің 207-бабының жетінші бөлігі Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететiн өлшемшарттардың салыстырмалы мәнiн конкурстық баға ұсыныстарына қолданбау бөлiгiнде бұзу – лауазымды адамдарға 50 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға алып келетінін қарастырады.

Бұл жағдайда, лауазымдық тұлғалар конкурстық комиссияның төрағасы және оның орынбасары, сондай-ақ конкурстық комиссия мүшелері танылады.

Әкімшілік жауаптылық әлеуеттi өнiм берушiнi және (немесе) ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердiгерлерін (бiрлесiп орындаушыларын) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген негiздер бойынша бiлiктiлiк талаптарына және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейді деп тану – лауазымды адамдарға 100 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға алып келетіні қарастырылады.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде лоттарға бөлмеу – лауазымды адамдарға 50 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған (тоғызыншы бөлігі).

Бұл бұзушылыққа мемлекеттік сатып алуды ресімдерін ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырудың бірінші басшысы, тапсырыс беруші немесе оның міндетін атқарушы тұлға жауаптылықты алады.

Конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) заңсыз шешiм қабылдауына негiз болған, сараптама комиссиясының не сарапшының көрiнеу жалған сараптамалық қорытынды дайындауы – 50 АЕК мөлшерiнде айыппұл Кодекстің 207-бабының оныншы бөлігімен қарастырылған.

Кодектінің 207-бабы он бірінші бөлігіне сәйкес, мынадай:

1) тапсырыс беруші өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шартты біржақты тәртіппен бұзған, оны орындау барысында өнім берушінің біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейтіні немесе нәтижесінде осындай шарт жасалып, оның конкурс (аукцион) жеңімпазы болуына мүмкіндік берген осындай талаптарға сәйкестігі туралы анық емес ақпарат бергені анықталған;

2) өнiм берушi өзiмен жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамаған не тиiсiнше орындамаған жағдайларда, тапсырыс берушiнiң әлеуеттi өнiм берушiлердi, өнiм берушiлердi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгiнбеуi немесе уақтылы жүгiнбеуi – лауазымды адамдарға 30 АЕК мөлшерiнде айыппұл қарастырылған.

Бұл бұзушылыққа мемлекеттік сатып алуды ресімдерін ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырудың бірінші басшысы, тапсырыс беруші немесе оның міндетін атқарушы тұлға жауаптылықты алады.

Бұзушылықтардың ерекше кездесетін түрі Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру – лауазымды адамдарға 100 АЕК мөлшерiнде айыппұл Кодекстің 207-бабы он екінші бөлігінде көзделген.

Бұл бұзушылыққа мемлекеттік сатып алуды ресімдерін ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырудың бірінші басшысы, тапсырыс беруші немесе оның міндетін атқарушы тұлға жауаптылықты алады.

Және, соңғысы, Кодекстің 207-бабы он үшінші бөлігінде конкурсқа (аукционға) қатысуға алдын ала жіберу хаттамаларында конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы әлеуетті өнім берушінің конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінімін қабылдамау себептерін егжей-тегжейлі сипатталуын, оның ішінде оның біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсетпеу – лауазымды адамдарға 10 АЕК мөлшерiнде айыппұл әкімшілік жауаптылық қарастырылған.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, мемлекеттік сатып алу саласында заңнама нормаларын бұзуды және тиістінше әкімшілік жауаптылықты болдырмау барысында, конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) бекіту сатысында шешім қабылдау немесе ақпараттық орналастыру кезінде, бағалы ұсыныстарға сұрау салу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) алдын ала талқылау аясында түскен конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) жобасына ескертулерді қарастыру кезінде, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде, әлеуетті өнім берушілерді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттамаға сәйкес келмеуін тану туралы шешім қабылдаған кезде, шартты тікелей жасау жолымен бір дереккөз тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде және қарастырылған Кодекстің он бірінші бабымен көзделген жағдайларда шарттарды орындау сатысында аса назарға алу ұсынылады.

Астана қаласы бойынша

Ішкі мемлекеттік аудит

департаменті камералды бақылау

бөлімінің басшысы Исахметов Талгат Айдарбекович

Астана қаласы бойынша

Ішкі мемлекеттік аудит

департаменті Жоспарлау,

талдау және есептілік

бөлімінің басшысы Байкуанышов А.А.

Әлеуметті өнім бершілерді біліктілік талаптарына сәйкес келмеуін тану негіздері

Мемлекеттік сатып алу саласында бұзушылықтардың таратылған түрінің бірі әлеуетті өнім берушілерді конкурстық құжаттамада көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келмеуін негізсіз тану болып табылады.

Бұрын «Әлеуетті өнім берушілерге белгіленетін біліктілік талаптары» атты мақаласында бізбен әлеуетті өнім берушілерге белгіленуі мүмкін біліктілік талаптары қарастырылды. Бұл егер әлеуетті өнім берушілер осындай сәйкестікке өздерін растамаған жағдайда, конкурстық құжаттамада көзделген әлеуетті өнім берушілерді біліктілік талаптарына сәйкес келмеу деп тану үшін осы тараптан бастапқы нүкте болып табылады.

Алайда, әлеуетті өнім берушілерді біліктілік талаптарына сәйкес келмеуін конкурстық комиссиямен танылған жағдайлар аз емес.

Ұқсас бұзушылықтар әлеуетті өнім берушілерді біліктілік талаптарына сәйкес келмеу деп тануға негіз қарастырылған мемлекеттік сатып алу саласындағы қолданыстағы заңнаманы білмеу бойынша ғана рұқсат етілетінін сенгім келеді.

Аталған мақалада мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамада көзделген өнім берушілерді біліктілік талаптарына сәйкес келмеу деп тануға негіздерін қарастырамыз.

«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-баптың 1-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім беруші мынадай негіздердің бірі бойынша:

1) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерінің (бірлесіп орындаушысының) біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін құжат (құжаттар) ұсынбағанда;

2) әлеуетті өнім беруші өзінің сәйкестігін растау үшін ұсынған құжаттарда қамтылған ақпараттың негізінде біліктілік талаптарына сәйкес келмеу, сондай-ақ ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерінің (бірлесіп орындаушысының) біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі фактісі анықталғанда;

3) біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат беру фактісі анықталғанда біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп танылады.

Заңның осы бабының 2-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім берушіні және (немесе) ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерін (бірлесіп орындаушысын) осы баптың 1-тармағында көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп тануға жол берілмейді.

Бұдан басқа, Заңның 27-бабы 6-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Әлеуетті өнім беруші осы баптың 4-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіргеннен кейін, егер ол және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) осы Заңда және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы деп танылмайды).

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидасының (бұдан әрі – Қағида) 150-тармағы 1) тармақшасымен, Әлеуетті өнім беруші (конкурсқа қатысушы болып танылған) конкурсқа жіберілмейді егер:

1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушысы келесі негіздемелер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса:

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде олар туралы мәліметтер расталатын рұқсаттар мен хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған (бағытталған) рұқсаттардың (хабарламалардың) болмауы. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші рұқсаттар мен хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған (бағытталған) тиісті рұқсаттардың (хабарламалардың) нотариалдық куәландырылған көшірмесін ұсынады;

әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және сатуға, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, басқа да құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынбауы;

мемлекеттік кірістер органының мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайтын бір теңге мөлшерінде және одан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) болуы;

конкурстық құжаттаманың 5, 6 және 7-қосымшаларына сәйкес біліктілігі туралы мәліметтерді ұсынбауы;

әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) белгіленген сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде біліктілік талаптарға сәйкес келмеуі;

конкурстық құжаттамада көрсетілген, шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық және еңбек ресурстарына ие болуы бөлігінде әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкес болмауы;

біліктілік талаптары бойынша дұрыс ақпараттың берілмеу фактісі анықталса;

банкроттық не тарату рәсіміне жатса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы деп танылмайды).

Бұл ретте, мемлекеттік кірістер органының мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайтын бір теңге мөлшерінде және одан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) болуын ескерген жөн.

Бұдан басқа, Қағиданың 136-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім берушілердің банкроттық не тарату рәсіміне қатысы жоқтығы бөлігінде, олардың біліктілік талаптарына сәйкестігін нақтылау мақсатында конкурстық комиссия банкроттық не тарату рәсімдерін өткізуге бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған ақпаратты қарайды.

Осылайша, мемлекеттік сатып алу саласында бұзушылықтарды болдырмау барысында, әлеуетті өнім берушілері біліктілік талаптарына сәйкес келуін не сәйкес келмеуін тану туралы мәселені шешу кезінде, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген әлеуетті өнім берушілерді біліктілік талаптарына сәйкес келмеу деп тану негіздемесін ескеру қажет.

Астана қаласы бойынша

Ішкі мемлекеттік аудит

департаменті камералды бақылау

бөлімінің басшысы Исахметов Талгат Айдарбекович

Астана қаласы бойынша

Ішкі мемлекеттік аудит

департаменті Жоспарлау,

талдау және есептілік

бөлімінің басшысы Байкуанышов А.А.

Әлеуетті өнім берушілерге белгіленетін біліктілік талаптары

Жеткізілетін тауарлардың, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік сатып алу саласындағы қолданыстағы заңнама әлеуетті өнім берушілерге біліктілік талаптарын белгілеу мүмкіндігін қарастырады.

Конкурстық/аукционды құжаттарда әлеуетті өнім берушілерге қандай біліктілік талаптарын белгілеу мүмкіндігін төменнен қараймыз.

Мәселен, «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 1-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім берушілерге мынадай біліктілік талаптары қойылады:

1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекетке қабілеттілігінің (жеке тұлғалар үшін) болуы;

2) төлем қабілеттілігінің болуы, салық берешегінің болмауы;

3) банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы;

4) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті, тиісті материалдық және еңбек ресурстарының болуы;

5) жұмыс тәжірибесінің болуы.

Осы тармақтың 5) тармақшасының талабы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларымен (бұдан әрі – Қағида) айқындалатын өлшемшарттарға сәйкес белгіленеді.

Қағиданың 442-тармағына сәйкес, 442. Конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) әлеуетті өнім берушілердің сатып алынатын тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет нарығындағы жұмыс тәжірибесі келесі өлшемшарттарға сәйкес:

1) егер конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алуға бөлінген қаржы тиісті қаржы жылына белгіленген елу мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын болса, екі жылға дейін;

2) егер конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алуға бөлінген қаржы тиісті қаржы жылына белгіленген екі жүз мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын болса, бес жылға дейін белгіленуі мүмкін.

Бұл ретте, Заңның жоғарыда көрсетілген бабының 2-тармағына сәйкес, сы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген:

1) мемлекеттік сатып алуға әлеуетті өнім берушілердің қатысуын шектейтін және негізсіз күрделендіретін;

2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау қажеттігінен тікелей туындамайтын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.

Айналысуы үшін рұқсат алу, хабарлама жіберу қажет болатын қызмет түрлерін жүзеге асыратын әлеуетті өнім берушінің құқық қабілеттілігі Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы расталады.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда, әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.

Заңның 9-бабы 1-тармағында белгіленген біліктілік талаптары – әлеуетті өнім беруші өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігер не қызметтер көрсету бойынша бірлесіп орындаушы ретінде тартуды көздейтін, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға да қолданылады.

Жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларын) тартуды көздейтін әлеуетті өнім беруші жұмыстарға не көрсетілетін қызметтерге тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) осы баптың 1-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынуға тиіс.

Жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін орындау үшін қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушыларды) тартылған жағдайда, олардың Заңның 9-бабы 1-тармағына белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар олар орындайтын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түріне беріледі.

Жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету үшін қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) берілуі мүмкін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің шекті көлемі орындалатын жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің жиынтық түрде үштен екісінен аспауға тиіс.

Бұл ретте қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету көлемдерін өзге де қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беруге тыйым салынады.

Біліктілік талаптары Заңның 37, 38-баптарында, 39-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында және 42-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайды.

Заңның 31, 50-баптарында және 51-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.

Астана қаласы бойынша

Ішкі мемлекеттік аудит

департаменті камералды бақылау

бөлімінің басшысы Исахметов Талгат Айдарбекович

Астана қаласы бойынша

Ішкі мемлекеттік аудит

департаменті Жоспарлау,

талдау және есептілік

бөлімінің басшысы Байкуанышов А.А.

Астана қаласының білім саласындағы кейбір мемлекеттік білім беру ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы

Астана қаласының білім саласындағы

кейбір мемлекеттік білім беру

ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 37 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 45, 46-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңы 134-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мынадай мемлекеттік білім беру ұйымдары:

1) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 15 мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 15 мектеп-лицей» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (1-қосымша);

2) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 17 мектеп-гимназия» мемлекеттік мекемесі Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 17 мектеп-гимназия» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (2-қосымша);

3) Астана қаласы әкімдігінің «№ 22 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 22 мектеп-гимназия» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (3-қосымша);

4) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 37 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 37 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (4-қосымша);

5) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 54 мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 54 мектеп-лицей» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (5-қосымша);

6) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 59 мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 59 мектеп-лицей» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (6-қосымша);

7) Астана қаласы әкімдігінің «№ 60 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 60 мектеп-лицей» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (7-қосымша);

8) Астана қаласы әкімдігінің «№ 66 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 66 мектеп-лицей» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (8-қосымша);

9) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 67 гимназия» мемлекеттік мекемесі Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 67 гимназия» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (9-қосымша);

10) Астана қаласы әкімдігінің «№ 70 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 70 мектеп-лицей» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (10-қосымша);

11) Астана қаласы әкімдігінің «№ 72 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 72 мектеп-лицей» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (11-қосымша);

12) Астана қаласы әкімдігінің «№ 73 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 73 мектеп-лицей» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (12-қосымша);

13) Астана қаласы әкімдігінің «№ 74 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 74 мектеп-гимназия» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (13-қосымша);

14) Астана қаласы әкімдігінің «№ 75 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 75 мектеп-гимназия» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (14-қосымша);

15) Астана қаласы әкімдігінің «№ 76 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 76 мектеп-лицей» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (15-қосымша) болып қайта ұйымдастырылсын.

2. Жоғарыда көрсетілген шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарының (бұдан әрі – Кәсіпорындар) жарғылары осы қаулының 1-тармағында көрсетілген қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда бекiтiлсiн.

3. «Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте тапсыру актісін осы қаулының 1-тармағында көрсетілген қосымшаларға сәйкес бекітсін.

4. Кәсіпорындардың басшылары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде заңды тұлғаларды әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуді жүргізсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.

Әкім Б. Сұлтанов

Астана қаласының кейбір мемлекеттік қосымша білім беру ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі 45-бабының 1-тармағына, 46-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңы 125-бабының 1-тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Астана қаласы Білім басқармасының «№ 2 өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мен Астана қаласы Білім басқармасының «Балалар көркемсурет мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Астана қаласы Білім басқармасының «№ 1 өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Астана қаласы Білім басқармасының «№ 1 өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының атауы Астана қаласы әкімдігінің «№ 1 өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) болып қайта аталсын.

3. Кәсіпорынның Жарғысы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

4. «Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте тапсыру актісін бекітсін.

5. Кәсіпорынның басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде заңды тұлғаны әділет органдарында қайта тіркеуді жүргізсін.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.

Әкім                                                                                                                                    Б. Сұлтанов