Нұр-Сұлтан қаласы колледждерінің табысқа жеткен үздік студенттерін анықтау бойынша комиссия отырысының хаттамасы

Күн тәртібі:

  • «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП 100 студенті» жобасының Ережесіне сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы колледждерінің табысқа жеткен үздік студенттерін анықтау. 

Қатысқандар:

Р.А. Иманғазинова – Нұр-Сұлтан қаласы Білім  басқармасы басшысының орынбасары, комиссия құрамының төрайымы; 

Комиссия құрамының мүшелері:

Ж.А. Абдрасилова – Нұр-Сұлтан қаласы Білім  басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бас маманы;

Н.С. Исина – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері

Ч.М. Тлеулин – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ басшысы

А.Б. Ерментаев – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ басшысының орынбасары; 

А.А. Жұманбаева – Нұр-Сұлтан қаласы «Рухани жаңғыру»  жобалық кеңсесінің директоры; 

П. Қайрат –  «Jaskongress» қайырымдылық қорының басшысы

Тыңдалды:

Р.А. Иманғазинова: Қатысушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 01 маусымдағы «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП 100 студенті» Ережесін және Нұр-Сұлтан қаласы колледждерінің табысқа жеткен үздік студенттерін анықтау бойынша комиссия құрамын құру туралы 2020 жылдың 15 қыркүйектегі № 362 бұйрығымен таныстырды. 

Ж.А. Абдрасилова:  Комиссия қарауына белгіленген мерзімде 27 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан келіп түскен 68 сұраным мен қоса тіркелген материалдарды (фотосурет, презентация, эссе, видео, студент жетістіктері туралы қысқаша мәлімет) таныстырды: 

1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің  «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» МКҚК; 

2. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Техникалық колледжі» МКҚК; 

  • Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Технологиялық колледжі» МКҚК;

4. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Құрылыс-техникалық колледжі» МКҚК;

5. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Кәсіптік-техникалық колледжі» КММ;

6. Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының «Гуманитарлық колледжі» МКҚК;

7. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Жоғары көлік және коммуникация колледжі»  МКК; 

8. Нұр-Сұлтан қаласы  әкімдігінің ШЖҚ «Сервис және туризм колледжі» МКК; 

9. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжі» МКК;

10. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» МКК; 

  • «Еуразия гуманитарлық институтының колледжі» мекемесі;
  • «Медикалық-техникалық колледж» ЖШС;
  • «Даналык» колледжі;

14. Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжі» білім беру мекемесі;

15. «Қазақстан Халықаралық Лингвистикалық колледжі» ЖШС;

  • «Томирис» Медициналық колледжі» ЖШС; 
  • «ҚазГЮУ Гуманитарлық-заң колледжі»ЖШС;
  • «Менеджмент және бизнес колледжі» ЖШС;
  • «Қаржы академиясы» АҚ колледжі 

20. «Астана-Профи» қалалық шаруашылық колледжі» мекемесі;

21. «АСУ» гуманитарлық-техникалық колледж» ЖШС; 

22. «М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы» АҚ-ның Ақмола колледжі» ЖШС;

23. «Нұр-Сұлтан қаласының Д.А.Қонаев атындағы колледжі» мекемесі;

24. «Тұран» колледжі;

25. «Басқару колледжі» ЖШС;

          26. «Шипагер» медициналық колледжі» жеке мекемесі;

          27.  «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжі.

Р.А.Иманғазинова: Ереже талаптарына сәйкес конкурстық материалдарды комиссия мүшелерінің қарауына және бағалау кезінде 5 балдық жүйе бойынша жүргізуді ұсынды. 

Комиссия мүшелері бірауыздан қолдап, конкурстық материалдардың Ережеге сәйкес тапсырылғандығын және конкурсқа қатысушылардың материалдары мұқият қаралғанын, сонымен қатар, 5 балдық жүйе бойынша бағаланғанын атап өтті. 

Комиссия мүшелері өз пікірлерімен алмасып, шешті: 

1. Нұр-Сұлтан қаласы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының табысқа жеткен үздік келесі студенттерін Жобаның республикалық кезеңіне жіберу: 

Клименко Алина Григорьевна Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының «Гуманитарлық колледжі» МКҚК;
Ильясова Индира Тимурқызы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» МКК; 
Демин Антон Александрович «Еуразия гуманитарлық институтының колледжі» мекемесі; 
Жақыпбек Райымбек Өмірбекұлы «Қаржы академиясы» АҚ колледжі; 
Нығыметова Мөлдір Нұрболқызы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжі» МКК;
Павлов Алексей Алексеевич Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Сервис және туризм колледжі»  МКК; 
Музафарова Асылжан Улугбеккызы «Менеджмент және бизнес колледжі» ЖШС;
Қабажай Жансая Асанқызы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Технологиялық колледжі» МКҚК;
Сайран Сагыныш  «М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы» АҚ-ның Ақмола колледжі» ЖШС;
Айтуган Мөлдір «Шипагер» медициналық колледжі» жеке мекемесі.

2. Нұр-Сұлтан қаласы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының табысқа жеткен келесі студенттерін Жобаның республикалық кезеңіне жіберуді ұсыну: 

Баймұратқызы Толғанай Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының «Гуманитарлық колледжі» МКҚК;
Құрбанбек Ақерке  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» МКК; 
Абдимауленова Жасмина Гамзатовна «Еуразия гуманитарлық институтының колледжі» мекемесі; 
Жакенова Меруерт Болатовна «Қазақстан Халықаралық Лингвистикалық колледжі» ЖШС; 
Узбекова Сагыныш Амиржанқызы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжі» МКК;
Тұрмағанбет Әдемі Оразалықызы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжі» МКК;
Ералханұлы Арнұр Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» МКК;  
Құрманаева Әсел Бауыржанқызы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» МКК;  
Ширгатова Зарина Айбатовна «Даналык» колледжі;
Дүйсенбек Диана Ержанкызы «Даналык» колледжі; 
Базарбаев Улан  «ҚазГЮУ Гуманитарлық-заң колледжі»ЖШС;
Сагадатова Баян Куанышевна «Менеджмент және бизнес колледжі» ЖШС;
Харламова

Александра Алексеевна

«Томирис» Медициналық колледжі» ЖШС; 
Болатов Даниал Бауыржанұлы  «Қаржы академиясы» АҚ колледжі; 
Бейспай Ильяс Тлеулесұлы «Астана-Профи» қалалық шаруашылық колледжі» мекемесі; 
Саркеева Данагүл Қызырбекқызы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Кәсіптік-техникалық колледжі» КММ;
Палуанов Мейірбек Сәкенұлы  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Кәсіптік-техникалық колледжі» КММ;
Нұралы Рамазан Даулетұлы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжі» білім беру мекемесі;
Әбдікешов Мерей Дарханұлы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Құрылыс – техникалық колледжі» МКҚК; 
Айдарбек Санжар Серікбайұлы  «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжі.

3. Нұр-Сұлтан қаласы колледждерінің табысқа жеткен үздік студенттері Білім басқармасының ресми сайтында жариялансын.

Комиссия төрайымы: Р.Иманғазинова
Комиссия мүшелері: Ж.  Абдрасилова
Н. Исина

Ч. Тлеулин

А. Ерментаев
А. Жұманбаева
П. Қайрат

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 17 «Ер-Төстік» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын құру туралы

01.10.2020

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі 42-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 124, 125-баптарына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 17 «Ер-Төстік» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) құрылсын.

2. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Кәсіпорны басқаруды жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.

3. Кәсіпорынның басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін.

 

 

Әкім — А.Көлгінов

Әкімнің орынбасары — Б.Мәкен

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесі
мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің басшысы — Ж.Шәукентаев

«Нұр-Сұлтан қаласының
Экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы — Қ.Маңқараев

«Нұр-Сұлтан қаласының
Білім басқармасы» мемлекеттік

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 36 «Балапан» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын құру туралы

01.10.2020

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі 42-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 124, 125-баптарына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 36 «Балапан» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) құрылсын.

2. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Кәсіпорны басқаруды жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.

3. Кәсіпорынның басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін.

 

 

Әкім — А.Көлгінов

Әкімнің орынбасары — Б.Мәкен

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесі
мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің басшысы — Ж.Шәукентаев

«Нұр-Сұлтан қаласының
Экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы — Қ.Маңқараев

«Нұр-Сұлтан қаласының
Білім басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы — Ш.Қадырова

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 51 «Алтын сандық» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын құру туралы

01.10.2020

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі 42-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының5) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 124, 125-баптарына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 51 «Алтын сандық» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) құрылсын.

2. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Кәсіпорны басқаруды жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.

3. Кәсіпорынның басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін.

 

Әкім — А.Көлгінов

Әкімнің орынбасары — Б.Мәкен

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесі
мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің басшысы — Ж.Шәукентаев

«Нұр-Сұлтан қаласының
Экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы — Қ.Маңқараев

«Нұр-Сұлтан қаласының
Білім басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы — Ш.Қадырова

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 42 «Бәйшешек» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын құру туралы

01.10.2020

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі 42-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының5) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 124, 125-баптарына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 42 «Бәйшешек» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) құрылсын.

2. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Кәсіпорны басқаруды жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.

3. Кәсіпорынның басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін.

 

 

Әкім — А.Көлгінов

Әкімнің орынбасары — Б.Мәкен

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесі
мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің басшысы — Ж.Шәукентаев

«Нұр-Сұлтан қаласының
Экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы — Қ.Маңқараев

«Нұр-Сұлтан қаласының
Білім басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы — Ш.Қадырова

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 9 «Нұршашу» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын құру туралы

01.10.2020

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі 42-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 124, 125-баптарына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 9 «Нұршашу» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) құрылсын.

2. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Кәсіпорны басқаруды жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.

3. Кәсіпорынның басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін.

 

Әкім — А.Көлгінов

Әкімнің орынбасары — Б.Мәкен

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесі
мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің басшысы — Ж.Шәукентаев

«Нұр-Сұлтан қаласының
Экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы — Қ.Маңқараев

«Нұр-Сұлтан қаласының
Білім басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы — Ш.Қадырова

 

Нұр-Сұлтан қаласының білім саласындағы кейбір мемлекеттік білім беру ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы

Қаулы жобасы

 

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 45, 46-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңы 134-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Нұр-Сұлтан қаласының мынадай бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мемлекеттік ұйымдары:

1) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шәкәрім атындағы № 56 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шәкәрім атындағы № 56 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (1-қосымша); 

2) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Ілияс Жансүгіров атындағы № 58 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Ілияс Жансүгіров атындағы № 58 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (2-қосымша); 

3) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 71 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 71 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (3-қосымша); 

4) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 77 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 77 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (4-қосымша); 

5) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 79 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 79 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (5-қосымша); 

6) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Сәкен Сейфуллин атындағы № 80 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Сәкен Сейфуллин атындағы № 80 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (6-қосымша); 

7) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 83 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 83 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (7-қосымша); 

8) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шейх Халифа бен Заид әл-Нахаян атындағы № 84 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шейх Халифа бен Заид әл-Нахаян атындағы № 84 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (8-қосымша) болып қайта ұйымдастырылсын.

2. «Нұр-Сұлтан қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте тапсыру актісін осы қаулының 1-тармағында көрсетілген қосымшаларға сәйкес бекітсін.

3. Кәсіпорындардың басшылары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін. 

 

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов
Әкімнің орынбасары Б. Мәкен

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің 
аппараты» мемлекеттік мекемесі
мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің басшысы Ж. Шәукентаев 

«Нұр-Сұлтан қаласының 
Білім басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы Ш. Қадырова 

Жаңа реттегіш құралдарды енгізу және реттеуді қатаңдату кезіндегі реттеушілік әсерді талдаудың талдамалық нысаны

 

«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2019-2023 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулысының жобасы шеңберінде.

Документ №1, Документ №2