«Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» ММ «Нұр-Сұлтан қаласында мектептерді салу» МЖӘ жобасы бойынша екі кезеңді конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекешелік әріптесті анықтау бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.
Жобаның атауы: «Нұр-Сұлтан қаласында мектептерді салу».
Жобаны іске асыру саласы: Жоба орта білім саласында іске асырылады.
МЖӘ жобасының мақсаты: Нұр-Сұлтан қаласында жаңа мектептер салудағы өңірдің қажеттілігін шешу және оқушы орындарының тапшылығы деңгейін төмендету арқылы халықтың қажеттілігін қанағаттандыру.
Осы жобаның ілеспе мақсаттары мен міндеттері:
– орта білім беру объектілерінің желісін дамыту;
– қазақстандық және халықаралық стандарттарға сай келетін 2000 орынға арналған заманауи, жалпы білім беретін мектептерді жүзеге асыру;
– Нұр-Сұлтан қаласында оқушылардың оқу үрдісін ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау және қамтамасыз ету;
– Нұр-сұлтан қаласындағы үш ауысымда жұмыс істейтін мектептер санын азайту;
– халықаралық және қазақстандық білім беру стандарттарын интеграциялау негізінде оқушыларды сапалы біліммен қамтамасыз ету;
– білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты сапалы іске асыруды қамтамасыз ету.
«Нұр-Сұлтан қаласында мектеп салу» МЖӘ объектісінің жобалық қуаты»:
Мектеп саны – 6 мектеп 2 000 орыннан, онда 3 лот бар:
1. Келесі көше учаскелерінде 2 000 орындық 4 мектепке тұтас лот:
- 28 көше, 38 көше («Nova City» ТК);
- А. Байтұрсынов, А78, А92, А56 көшелері («Нұрлы Жол» ТЖ Вокзалы);
- Қ. Сатпаев, Д.21, Д.23 көшелері («Astana Mall» ССО);
- Е-51 көшесі («Зам-Зам» ТК оң жағына қарай).
2. Рысқұлов көшесі учаскесінде («Венский квартал» ТК) 2 000 орындық 1 мектепке тұтас лот.
3. 37, 26 көшелер («Capital Park» кварталдар кешені) учаскесіндегі 2 000 орындық 1 мектепке тұтас лот.
2 ауысымда 6 мектепте оқушылар орындарының саны-24 000;
Жер учаскелерінің жалпы көлемі 2,6-3,5 га диапазонында өзгереді.
Жобаны іске асыру орны: МЖӘ тетігі арқылы Нұр-Сұлтан қаласында 2 ауысымда 24 000 орындық 6 мектеп салу.
МЖӘ жобасын іске асыру кезеңі 4 жыл немесе одан артық, оның ішінде:
Құрылыс кезеңі: 13 ай;
Пайдалану кезеңі: 3 жылдан.
Құрылыстың аталған мерзімдері жобамен және болжамды болып табылады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеке әріптестер 2020 жылдың 02 маусымына дейін «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» ММ техникалық тапсырмасына сәйкес әзірленген техникалық ұсынысты ұсынуы, сондай-ақ «МЖӘ туралы» ҚР Заңының 32-бабына сәйкес біліктілік іріктеу жүргізілетін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы қажет.
Конкурсты ұйымдастырушының атауы: «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» ММ.
Байланыс деректері: Ысқақов Қайрат Зейнелғабиұлы, жұмыс телефоны 8-7172-32-34-65;
e-mail: kairat.iskakov@mail.ru
Құжаттар көшірмелерінің пакетін сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-18.30 (жергілікті уақыт бойынша) мына мекен-жай бойынша алуға болады: ҚР, Нұр-Сұлтан қ., Сарыарқа ауданы, Сейфуллин к-сі, № 30 ғимарат, 4-қабат, № 19 кабинет.
Құжаттар көшірмелерінің пакеті осы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап сұрау салу бойынша ұсынылады.