«Мамандық және мансап» онлайн көрмесі

2021 жылдың 14-15 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының «Qabilet» кәсіби бағдар беру қызметі Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының үздік университеттерінің қатысуымен «Мамандық және мансап» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларына арналған онлайн көрме ұйымдастырды.

Көрмеде «Астана дарыны» орталығының қызметкерлері «Qabilet» кәсіби бағдар беру қызметінің жұмысы туралы және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғары оқу орындарына түсу туралы ақпарат беріп, олардың бейнероликтерін көрсетті, ал Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының үздік университеттерінің өкілдері атап айтқанда: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Нархоз университеті, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы, Қазақстан-Америка Университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, М. С. Нәрікбаев атындағы «КАЗГЮУ» университеті, Тұран-Астана университеті, Astana IT University, Астана Халықаралық университеті мамандарды даярлау саласындағы университеттердің жетістіктері туралы, сапалы білім туралы, оқуға түсу кезінде құжаттарды қабылдаудың толық сипаттамасы, грантқа түсу және оқуға жеңілдіктер алу мүмкіндігі туралы толық ақпарат берді.

Бұл университеттер студенттердің зияткерлік мүмкіндіктерін оқыту және дамыту үшін алдыңғы қатарлы білім беру технологияларын пайдаланады.

Көрмеге қатысушылар Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының жетекші университеттерінің білім беру бағдарламаларымен танысуға бірегей мүмкіндік алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

ТАЛАПКЕРЛЕР НАЗАРЫНА!

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «QABILET» кәсіби бағдарлау қызметі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының үздік жоғары оқу орындары өкілдерінің қатысуымен онлайн-көрме өткізеді.

Елорда мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған онлайн-көрме 2021 жылы 14-15 сәуірде сағат 15:00-де ZOOM платформасында өтеді.

Сілтеме: https://us02web.zoom.us/j/88242867718

«Мамандық және мансап» онлайн-көрмесі талапкерлерге дұрыс таңдау жасауға көмектеседі!

Үздік ЖОО таңдау – бұл бірегей тәжірибе және жарқын болашақ. Университеттер талапкерге көрме аясында өз бағдарламаларын ұсынады, көрме аясында:

– 2021/22 оқу жылына арналған университеттерге қабылдау ережелерімен танысуға болады;

– грантқа түсу және оқуға жеңілдіктер алу мүмкіндігі туралы ақпарат беріледі;

– бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары туралы біліп, рейтинг жасауға мүмкіндік бар;

– оқу орындарының өкілдеріне сұрақтар қоя аласыздар.

Ең үздік университеттердің қатысуымен өтетін онлайн-көрмені жіберіп алмаңыз!

2021 жылғы 14 – сәуірде Алматы қаласының үздік жоғары оқу орындары:

1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;

2. Қазақстан-Британ техникалық университеті;

3. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті;

4. Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті;

5. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті;

6. Нархоз университеті;

7. Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы (ҚазБСҚА);

8. Қазақ – Америка университеті.

15 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласының үздік жоғары оқу орындары:

1. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;

2.С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті;

3. М. Нәрікбаев атындағы «КАЗГЮУ» университеті;

4. Қазақстан Республикасының әлеуетті ведомстволарының ЖОО-лары;

5. Тұран-Астана университеті;

6. Astana IT университеті;

7. Астана халықаралық университеті.

Көрмеге қатысып, арманыңыздағы университетке түсу туралы тегін кеңес алыңыз!

#Сарығатаста акциясы

#бросайвжелтый #сарығатаста

2021 жылғы 22 ақпаннан бастап Нұр-Сұлтан қаласының Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде «САРЫҒА ТАСТА» экологиялық пилоттық жобасы жүргізілуде.
Жоба ұйымдастырушылары: «Оператор РОП» ЖШС, Нұр-Сұлтан қ. Білім басқармасы, Білім беруді жаңғырту орталығы, «Радуга» компаниясы (СҚО), «Clean City NC» компаниясы (Нұр-Сұлтан қ.)
Мақсаты: Отбасылардың қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) бөлек жинауға саналы түрде көшуіне ықпал жасау.

«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық-педагогикалық олимпиадасының қалалық кезеңі туралы ақпарат

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 2021 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық-педагогикалық олимпиадасының қалалық кезеңін өткізеді.

Мақсаты – жас педагогтердің шағармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге болашақ мұғалімдердің кәсіби көзқарасын қалыптастыру.

Олимпиадаға 9-11 сынып оқушылары, әр мектептен қомандалық топ (8 адамнан аспайтын), жас педагогтар (еңбек өтілімі, 5 жылдан артық емес), педагог-ұйымдастырушылар (тәлімгерлер) мен психологтар, педагогикалық жоғарғы оқу орындары мен колледждердің соңғы курс студентері және магистранттары қатысады.

Жас педагогтер – елдегі білім беруді дамытудың басты ресурсы. Біздің болашағымыз мұғалімдердің жаңа буын білім алатын мектептерге қандай жаңа идеялар мен құндылықтар әкелетініне байланысты.

Олимпиаданың мазмұны нақты білім беру процесі жағдайында кәсіби педагогикалық шеберлікті көрсетуге, кәсіби педагогикалық қызмет саласында педагог тұлғасының шығармашылық өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі анықтау қабілетін көрсетуге мүмкіндік беретін конкурстық тапсырмаларды көздейді.

Тиісті санаттар бойынша қалалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Олимпиада 2 кезеңнен тұрады:

І кезең – іріктеу (сәуір айының 19-23 күндер аралығында)

ІІ кезең – қалалық (28-29 сәуір күндері)

Жоғары сынып оқушылары олимпиаданың іріктеу кезеңіне берілген тақырыптар бойынша: «Ұлы даланың көрнекті педагогтары», «Абай – дара тұлға», «Ыбырай Алтынсарин – қазақтың ұлы педагог-ағартушысы» (1 топтық) ұжымдық-шығармашылық жұмыстың толық нұсқасын ұйымдастырушыларға тапсырады.

Мұғалімдер, педагог-ұйымдастырушылар ( тәлімгерлер), психологтар мен магистранттар педагогика және психология бойынша тестілеуден өтеді.

Конкурсқа соңғы 3 жылда Олимпиадаға қатысқан қатысушылар қатыса алмайды.

Қалалық олимпиадаға тек іріктеуден өткен үміткерлер ғана қатыса алады.

Қатысушыларға сәттілік!

«Тәуелсіздік ұрпағы» балалар мен жасөспірімдер арасында үздік арт-объект бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер жанрындағы халықаралық байқаудың ЕРЕЖЕСІ

Биыл Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтуде.

Біздің еліміз дамудың жаңа жолына түсіп, халықтың бостандық туралы ғасырлық армандарын жүзеге асырды. Ел тарихындағы жаңа кезең әлемге Ұлы Дала Елінің жаңа бейнесін, ұлы өзгерістердің замандастарын ашатын еркін ойлайтын азаматтар ұрпағының қалыптасуымен таңбаланған.

Тәуелсіз Қазақстанның мәдени негізін танымал шеберлермен қатар шығармашылық мамандықтың жас өкілдері де қалыптастырады. Еліміздің мәдени мұрасын жаһандық мәдени-ақпараттық кеңістікте таныстыруда олар үшін көкжиектер мен кедергілерден тайсалмайтын, әсересе бейнелеу өнерінің жан-жақты тілін меңгерген сәндік-қолданбалы өнер шеберлеріне, жас суретшілерге тиесілі.

Елорда күні қарсаңында дәстүрлер мен жаңашылдықтардың селбесуін бейнелейтін арт-объектілерді жасайтын балалар мен жасөспірімдер арасындағы халықаралық байқаудың қорытындылары шығарылатын болады. «Симбиотикалық қаланың» жарқын үлгісі болып табылатын Нұр-сұлтан қаласы «Тәуелсіздік ұрпағы» деп аталатындардың көркем, сәндік-қолданбалы шығармашылық жанрларындағы ең әсерлі, мазмұнды туындыларды көрсететін орын болады.

Байқаудың мақсаты:

Қазақстан мен шет мемлекеттердің мамандандырылған көркемөнер

колледждері мен мектептерінің дарынды тәрбиеленушілерін анықтау

және қолдау арқылы дәстүрлі халықтық көркемөнер кәсіпшілігі мен

қолөнерін, көркем және сәндік-қолданбалы шығармашылықтың барлық

түрлерін дамыту және танымал ету.

Байқаудың міндеттері:

• жаһандық мәдени кеңістікте Қазақстан халықтары мен шектес мемлекеттердің мәдени дәстүрлерінің сабақтастығын сақтау;

• мамандандырылған көркемсурет колледждері мен мектептерінің тәрбиеленушілері мен оқытушыларының шығармашылық әлеуетін дамыту;

• халықтық көркем қолданбалы қолөнерді, көркемдік және сәндік-қолданбалы өнердің барлық түрлерін зерттеуге, сақтауға және дамытуға оқушылардың қызығушылығын арттыру;

• көркем шығармашылық және сәндік-қолданбалы өнер саласындағы дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау;

• Қазақстан Республикасының аумағындағы дипломатиялық өкілдіктердің, шетелдік ұйымдар өкілдіктерінің көмегімен Қазақстанның көркемөнер колледждері мен мектептерінің жақын және алыс шетелдердегі ұқсас мекемелермен шығармашылық байланыстарын қалыптастыру.

Ұйымдастырушылар:

• Нұрсұлтан Назарбаев Қоры;

• ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы;

• Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы;

• Нұр-Сұлтан қаласының балалар көркемсурет мектебі –ЮНЕСКО клубы;

• Педагог-суретшілердің халықаралық Одағы.

Жұмысқа қойылатын талаптар:

Бейнелеу өнері бойынша жұмыстардың форматы А-3

Орындау техникасы:

– акварель

– гуашь

– акрил

– түсті графика

Сәндік-қолданбалы өнер бойынша жұмыстардың форматы мен техникасы:

– ағаш ою (биіктігі 50 см артық емес)

– батик (форматы А3, А2)

– киіз басу

– тоқыма коллаж (форматы А3, А2)

– нақыштау (форматы А3, А2)

Маңызды: жұмыстар шиыршықталып оралмау, безендірусіз, осал және орнықсыз болмауы керек.

Байқауға қатысушылар:

Байқауға қатысуға жақын және алыс шет елдердің көркемсурет мектептерінің, өнер мектептерінің, Оқушылар сарайларының, бейнелеу өнері студиялары мен көркемөнер колледждерінің оқушылары шақырылады.

Байқау жас санатына қарай 3 топпен өткізіледі:

— А тобы: 10-12 жас;

— В тобы: 13-15 жас;

— С тобы: 16-18 жас.

Тақырыптардың үлгісі:

– «менің балалық шағымның армандары»;

– «менің халқымның аңыздары мен ертегілері»;

– «Менің елім – менің әлемім».

Мекемелерден өтініш (басшының мөрімен және қолымен расталған, сондай-ақ Word-тағы өтінім құжаты) 2021 жылғы 25 мамырға дейін БКМ электрондық поштасына жіберіледі: dhshastana@mail.ru (Қосымша 1).

Жұмыстар Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Бөгенбай батыр даңғылы, 17 мекен-жайы бойынша 2021 жылғы 30 мамырға дейін қабылданады. Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы.

Қорытынды шығару және лауреаттарды марапаттау:

Қазылар алқасының құрамына өнер қайраткерлері, суретшілер мұғалімдері одағының мүшелері, сәндік-қолданбалы өнердің жетекші шеберлері кіреді.

Байқаудың жұмыстарын бағалау үшін байқаудың Ұйымдастыру комитеті құрамында қазылар алқасының төрағасы, хатшысы және қазылар алқасының мүшелері бар қазылар алқасын құрады. Қазылар алқасының құрамын және қазылар алқасының төрағасын байқаудың Ұйымдастыру комитеті бекітеді. Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.

1. Байқау 3 жас санаты бойынша бағаланады (А, В, С)

2. Әрбір жас санатына қарай топтағы жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен, жеңімпаздардың жетекшілері – арнайы белгісі бар алғыс хаттармен марапатталады.

3. Көрменің ашылуы аясында жетекші өнер шеберлерінің шеберлік сыныптары, Қазақстан астанасының көрікті жерлеріне экскурсиялық бағдарлама өтеді.

4. Жеңімпаздардың жұмыстарын алдағы уақытта байқаудың үздік жұмыстарының топтамасы аясында көрсету жоспарланып отыр.

5. Жіберілген жұмыстар қайтарылмайды.

Байқау жеңімпаздарының көрмесі, сондай-ақ педагогтардың дипломдары мен алғыс хаттары жарияланатын болады және 2021 жылғы 18 маусымнан бастап dhsh.kz, art-teachers.kz сайттарынан жүктеуге болады.

Педагог- психологтердің тәжірибе алмасуы

“Астана дарыны” ДДжПС орталығы 2021 жылдың 31 наурызы күні педагог-психологтердің жұмыс тәжірибесімен бөлісу және, оқыту іс-шараларын дайындау және өткізуіне қажетті білім мен дағдыларының деңгейін арттыру мақсатында «Педагогтер және студенттермен жұмыс үрдісінде колледж психологі қызметінің тәжірибелік аспектісі» тақырыбында вебинар өткізді.

Вебинарда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжінің педагог-психологы Марина Галимовна Шаймердинова өз тәжірибесімен бөлісті. Вебинар жұмысына 28 педагог- психолог қатысты.

Жұмыс барысында онлайн оқытудың инновациялық әдістері қолданылды.

Өз сөзінде спикер бейімделу, әлеуметтену мәселелеріне тоқталды. Талқылауға бейімделудегі қиындық проблемаларына қатысты мәселелер көтеріліп, оларды тудыратын себептер талқыланды. Әріптестердің назарына студенттермен, ата-аналармен және педагогтармен жүргізілетін әңгімелер, сауалнамалар, тестілеу, тапсырмалар, акциялар, флэшмобтар сияқты әр түрлі жұмыс түрлері ұсынылды. “Өмір-бұл…” тақырыбында аяқталмаған сөйлемдер әдісін қолдану тәжірибесі ерекше маңызды болды. Бұл әдіс өте қарапайым: дәйексөз түрінде аяқталмаған сөйлем қолданылады және ол үшін аяқталудың бірнеше нұсқаларын жазып алу ұсынылады, нәтижесінде студенттерге көбінесе олардың өміріндегі жағымды өзгерістерге әкелетін түсінік пайда болады. Жиналған мәтіндер “белсенді студенттердің Квест Румдары” жобасы үшін пайдаланылды және бейнеролик жасалды.

Семинар соңында педагог-психологтар өз ойларымен және пікірлерімен бөлісті.

«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ бос басшылық лауазымға конкурс жариялайды:

16.03.2021 ж.

«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ бос басшылық лауазымға конкурс жариялайды:

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 2 Балалар музыка мектебі» МКҚК директоры                   (мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Байқоңыр ауданы, Ш.Айманов көшесі, 8). Лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 134 143 теңгеден                   149 717-ге дейін).   

1975 жылдан бастап жұмыс істейді,  жобалық қуаты – 800 орындық.

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткені туралы құжат; білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі, білім беру ұйымдары басшысының орынбасары лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл; педагогтың бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру институттарының мамандарын қоспағанда).

Лауазымдық міндеттері: Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымдарын ұйымның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мәдени-демалыс қызметі, дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағ әлеуметтік, қосымша білім беретін коммуникативті қызметтерді көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара әрекетін ұйымдастырады. Басқарудың заманауи әдістері негізінде жұмысты болжайды және жоспарлайды.  Шағын аудандарды дамытудың әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Білім беру сапасын бақылауды жүзеге асырады, білім беру процесі кезінде ұйымның білім алушыларының мен қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығына қажетті жағдай жасайды.  Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша алыс және жақын шетелдер балаларына арналған қосымша білім беру ұйымымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады, заманауи ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады. Басқару құрылымын анықтайды, білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымының қаржы-шаруашылық қызметін басқаруды жүзеге асырады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады. Педагогтардың жұмысын үйлестіреді, қамқоршылық кеңес пен қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Оқу-материалдық базаны сақтауды және толықтыруды, санитарлық-гигиеналық режим, еңбекті сақтау және техника қауіпсіздігі қағидаларын сақтауды қамтамасыз етеді.  Педагогикалық кадрлар мен қосалқы персоналдарды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.   Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналарымен (оларды алмастыратын тұлғалармен) жұмысты үйлестіреді. Есептілікті дайындауды және қажетті ұсынуды қамтамасыз етеді. Барлық органдарда ұйымның мүддесін қорғайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының “Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы” Кодексін, Қазақстан Республикасының “Білім туралы“, “Педагог мәртебесі туралы“, “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы“, “Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы“, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы“, “Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы” Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын, балаларға қосымша білім беру ұйымының жұмыс бейіні және оның ерекшеліктері, педагогика және психология,  экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері, Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормалар.

Конкурс ҚР «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы  13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген, педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012  жылғы 21 ақпандағы                № 57 «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде өткізіледі.

«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ хабарлама ЖАРИЯЛАНҒАН КҮННЕН БАСТАП ЖЕТІ ЖҰМЫС КҮНІ ІШІНДЕ бос лауазымға орналасу үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:

Білім беруді басқару органы хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде мемлекеттік білім беру ұйымдары басшысының бос лауазымына орналастыру үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;

6) алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

8) “Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;

11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);

12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);

13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;

14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы                № 57 бұйрығына сәйкес «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы»  тестілеу жүргізіледі.

Конкурстың өткізілетін уақыты жоғарыда көрсетілген Ережеге сәйкес белгіленеді.

Конкурстың өткізілетін орны «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды мына мекен-жайға тапсыру қажет: индекс 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11-үй, «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ № 722 А кабинет.

АНЫҚТАМА ТЕЛЕФОНДАРЫ: 55 68 59, 55 68 57.

Мемлекеттік орта, техникалық
және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі білім беру ұйымдарының
басшыларын конкурстық
орналастыру және мемлекеттік
мектепке дейінгі, орта,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі және қосымша
білім беру ұйымының басшысы
лауазымына конкурстық
тағайындау қағидаларына
3-қосымша

____________________________
конкурстық комиссияның атауы
____________________________
____________________________
кандидаттың тегі, аты және
әкесінің аты (болған жағдайда)
____________________________
____________________________
(лауазымы, жұмыс орны)
____________________________
____________________________
нақты тұратын жері, тіркелген
мекенжайы, байланыс
телефондары

Өтініш

Мені ________________________________________ басшысы бос лауазымына

білім беру ұйымының атауы

орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

Қазіргі уақытта _________________________________ жұмыс жасаймын.

білім беру ұйымының атауы

Келесі жұмыс нәтижелерін негізге аламын

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Өзім туралы келесі мәліметті хабарлаймын:

Білімі:

Оқу орнының атауы Оқу кезеңі Диплом бойынша мамандық
 
Жұмыс өтілі:

Жалпы Мамандық бойынша Педагогикалық Осы білім беру ұйымында
   
Алынған (берілген) жылын көрсете отырып, наградалары, атағы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Конкурс қағидаларымен таныстым *

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

2021 жылғы   “____” _______________ __________________________

(Қолы)

«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ бос басшылық лауазымдарға конкурс жариялайды:  

16.03.2021 ж.

«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ бос басшылық лауазымдарға конкурс жариялайды:

  1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 3 арнайы мектеп» КММ директоры (мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Байқоңыр ауданы, С.Сейфуллин көшесі, 67). Лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 119 632 теңгеден 133 789-ға дейін).   

2020 жылдан бастап жұмыс істейді,  жобалық қуаты – 150 орындық.

  1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 2 Оңалту орталығы» КММ директоры (мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, Оңтүстік-Шығыс тұрғын үй алабы (оң жағы), Бурабай көшесі, 38).

Лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 119 632 теңгеден 133 789-ға дейін).  

2005 жылдан бастап жұмыс істейді,  жобалық қуаты – 200 орындық.

Біліктілікке қойылатын талаптар: Арнайы білім беру ұйымдары үшін: “Арнайы білім” бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; педагогикалық жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, бұл ретте соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық өтілі, Арнайы білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы кемінде бір жыл өтілі; педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі кемінде бес жыл жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін қоспағанда).

Лауазымдық міндеттері: Қолданыстағы заңнамаға сәйкес психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (бұдан әрі – ПМПК) және психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің (бұдан әрі – ППТК) жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады. Арнайы ұйымның түрін, оқыту және тәрбиелеу нысанын анықтау және тексеру нәтижелерін талқылау кезінде консультацияның алқалы жұмысын ұйымдастырады, әдістемелік жұмысты жүзеге асырады, құжаттамаларды жүргізуге, ПМПК, ППТК арнайы оқу және медициналық жабдықтармен, компьютерлік техникамен және әдістемелік материалдармен жарақтандыруға жауапты болады. Бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен, педагогтардың семинарларында, қайта даярлау курстарында немесе біліктілігін арттыру курстарында педагогтер арасында дефектологиялық білімді халық арасында тарату бойынша жұмысты ұйымдастырады; білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесіп балалардың аномальды дамуының алдын алу мәселелері бойынша профилактикалық жұмысты ұйымдастырады. Балаларды тексерудің жоғары деңгейін, ПМПК және ППТК мамандарының сапалы жұмысын қамтамасыз етеді.  Ұйымдастыруды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімін дамыту, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Оған бағынысты құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді. Барлық органдарда ПМПК және ППТК мүдделерін білдіреді.  Қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.  “Құндылықтарға негізделген білім беру” тұжырымдамасын білім беру процесінде оқу процесінің барлық субъектілерінің қатысуымен енгізеді. Оқушылар, тәрбиеленушілер арасында академиялық адалдық қағидалалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының “Білім туралы“, “Педагог мәртебесі туралы“, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы“, “Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы” “Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы“, “Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы”, “Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан- туралы”, “Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы” Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді,   педагогика мен психология негіздерін,  мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын,      педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін,  қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Конкурс ҚР «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы  13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген, педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012  жылғы 21 ақпандағы                № 57 «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде өткізіледі.

«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ хабарлама ЖАРИЯЛАНҒАН КҮННЕН БАСТАП ЖЕТІ ЖҰМЫС КҮНІ ІШІНДЕ бос лауазымға орналасу үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:

Білім беруді басқару органы хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде мемлекеттік білім беру ұйымдары басшысының бос лауазымына орналастыру үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;

6) алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

8) “Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;

11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);

12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);

13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;

14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы                № 57 бұйрығына сәйкес «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы»  тестілеу жүргізіледі.

Конкурстың өткізілетін уақыты жоғарыда көрсетілген Ережеге сәйкес белгіленеді.

Конкурстың өткізілетін орны «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды мына мекен-жайға тапсыру қажет: индекс 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11-үй, «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ № 722 А кабинет.

АНЫҚТАМА ТЕЛЕФОНДАРЫ: 55 68 59, 55 68 57.

Мемлекеттік орта, техникалық
және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі білім беру ұйымдарының
басшыларын конкурстық
орналастыру және мемлекеттік
мектепке дейінгі, орта,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі және қосымша
білім беру ұйымының басшысы
лауазымына конкурстық
тағайындау қағидаларына
3-қосымша

____________________________
конкурстық комиссияның атауы
____________________________
____________________________
кандидаттың тегі, аты және
әкесінің аты (болған жағдайда)
____________________________
____________________________
(лауазымы, жұмыс орны)
____________________________
____________________________
нақты тұратын жері, тіркелген
мекенжайы, байланыс
телефондары

Өтініш

Мені ________________________________________ басшысы бос лауазымына

білім беру ұйымының атауы

орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

Қазіргі уақытта _________________________________ жұмыс жасаймын.

білім беру ұйымының атауы

Келесі жұмыс нәтижелерін негізге аламын

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Өзім туралы келесі мәліметті хабарлаймын:

Білімі:

Оқу орнының атауы Оқу кезеңі Диплом бойынша мамандық
 
Жұмыс өтілі:

Жалпы Мамандық бойынша Педагогикалық Осы білім беру ұйымында
   
Алынған (берілген) жылын көрсете отырып, наградалары, атағы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Конкурс қағидаларымен таныстым *

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

2021 жылғы   “____” _______________ __________________________

(Қолы)

«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ бос басшылық лауазымдарға конкурс жариялайды:

16.03.2021 ж.

«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ бос басшылық лауазымдарға конкурс жариялайды:

  1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 11 «Гаухар» балабақшасы» МКҚК меңгерушісі (мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, Абай даңғылы, 17).

Лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 119 632 теңгеден                   133 789-ға дейін.

Қазақ және орыс тілінде тәрбие беретін балабақша. 1958 жылдан бастап жұмыс істейді, жобалық қуаты – 95 орындық.

  1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 62 «Нұрсәуле» балабақшасы» МКҚК меңгерушісі (мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Ильинка тұрғын үй алабы, Сырым Батыр көшесі, 105).

Лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 119 632 теңгеден                   133 789-ға дейін.

Қазақ тілінде тәрбие беретін балабақша. 2011 жылдан бастап жұмыс істейді, жобалық қуаты – 320 орындық.

  1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 92 «Жауқазын» балабақшасы» МКҚК меңгерушісі (мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Ильинка тұрғын үй алабы, А.Қашаубаев көшесі, 28).

Лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 119 632 теңгеден                   133 789-ға дейін.

Қазақ тілінде тәрбие беретін балабақша. 2017 жылдан бастап жұмыс істейді, жобалық қуаты – 240 орындық.

  1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 94 «Сұңқар» балабақшасы» МКҚК меңгерушісі (мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, А.Иманов көшесі, 40).

Лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 119 632 теңгеден                   133 789-ға дейін.

Қазақ және орыс тілінде тәрбие беретін балабақша. 2018 жылдан бастап жұмыс істейді, жобалық қуаты – 319 орындық.

Біліктілікке қойылатын талаптар:    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім педагогикалық жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде соңғы екі жыл мектепке дейінгі ұйымда педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының, педагог – зерттеушінің, педагог – шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындарының оқытушыларын, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), біліктілікті арттыру жүйесінің әдіскерлерін қоспағанда).

Лауазымдық міндеттері: нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту және тәрбие ұйымның (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады. Педагогикалық кеңес жұмысын басқарады. Оқу жұмыс жоспарларын, қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады, ішкі тәртіп ережелерін бақылайды. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру, оның ішінде кедергісіз орта құру үшін арнайы жағдайлар жасайды. Білім беру ұйымын басқару құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді. Тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Қоғамдық педагогикалық ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді. Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, тамақтандыру және балаларға дәрігерлік қызмет көрсету үшін ұйымды қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаражат пен оның жұмсалуы туралы есеп береді. Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады. Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды. Белгіленген тәртіппен қызметкерлердің біліктілік санатын беру (растау) жүргізеді. Білім беру ұйымдарында “Құндылықтарға негізделген білім беру” тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізу. Білім беру ұйымдарының туралы қажетті есепті дайындауды және ұсынуды жүзеге асырады.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының “Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы” Кодексін, Қазақстан Республикасының “Білім туралы“, “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы“, “Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы“, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы“, “Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы” Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғауды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.