Химия пәнінен өткен Халықаралық Менделеев олимпиадасынан қола медаль

2021 жылдың 20-26 сәуірінде пәндік олимпиадалар жүйесінде ерекше орын алатын оқушылардың химия пәні бойынша 55-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы өтті. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты олимпиада онлайн режимде өтті.

Үздік жас химик атағы үшін бәсекелесуге ТМД, Балтық және Еуропаның 30 елінен ұлттық химиялық олимпиадалардың жеңімпаздары арасынан бітіруші түлектер мен жоғары сынып оқушылары ниет білдірді.

Нұр-Сұлтан қаласының ер балаларға арналған “Білім-инновация” лицейінің 11 сынып оқушысы Сейсенқұл Бақдәулет дәл осы Халықаралық Менделеев олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетіп, қола медальға ие болды.

Құттықтаймыз!