ІV Республикалық «Қадыр оқулары»

Қазақ поэзиясының ойшыл ақыны, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығын насихаттау мақсатында 5 – 11 сынып оқушылары арасында ағымдағы жылдың 22 сәуір күні ІV Республикалық «Қадыр оқулары» онлайн режимде өтті.

Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің атынан қалалық іріктеу кезеңінің бас жүлде иегерлері «Сөзім барда – өзім бар» номинациясына №70 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Пәрмешов Елдос, «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы» номинациясына №29 орта мектебінің 6- сынып оқушысы Сайполда Ислам, «Өлең жаздым тоғыз тарау, жеті өрім» номинациясына №70 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Ділшәт Мәрмәр қатысты.

Республикалық кезеңде:

«Өлең жаздым тоғыз тарау, жеті өрім» номинациясы бойынша Ділшәт Мәрмәр І орын, «Сөзім барда – өзім бар» номинациясы бойынша Пәрмешов Елдос ІІІ орын иегері атанды.

Үлкен додада оза шапқан дарынды шәкірттерді дайындаған жетекшілері Бейсенбина Айгүл Базарбайқызына алғыс айтамыз! Еңбектеріне табыс тілейміз!