«Мамандық және мансап» онлайн көрмесі

2021 жылдың 14-15 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының «Qabilet» кәсіби бағдар беру қызметі Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының үздік университеттерінің қатысуымен «Мамандық және мансап» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларына арналған онлайн көрме ұйымдастырды.

Көрмеде «Астана дарыны» орталығының қызметкерлері «Qabilet» кәсіби бағдар беру қызметінің жұмысы туралы және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғары оқу орындарына түсу туралы ақпарат беріп, олардың бейнероликтерін көрсетті, ал Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының үздік университеттерінің өкілдері атап айтқанда: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Нархоз университеті, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы, Қазақстан-Америка Университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, М. С. Нәрікбаев атындағы «КАЗГЮУ» университеті, Тұран-Астана университеті, Astana IT University, Астана Халықаралық университеті мамандарды даярлау саласындағы университеттердің жетістіктері туралы, сапалы білім туралы, оқуға түсу кезінде құжаттарды қабылдаудың толық сипаттамасы, грантқа түсу және оқуға жеңілдіктер алу мүмкіндігі туралы толық ақпарат берді.

Бұл университеттер студенттердің зияткерлік мүмкіндіктерін оқыту және дамыту үшін алдыңғы қатарлы білім беру технологияларын пайдаланады.

Көрмеге қатысушылар Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының жетекші университеттерінің білім беру бағдарламаларымен танысуға бірегей мүмкіндік алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.