ТАЛАПКЕРЛЕР НАЗАРЫНА!

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «QABILET» кәсіби бағдарлау қызметі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының үздік жоғары оқу орындары өкілдерінің қатысуымен онлайн-көрме өткізеді.

Елорда мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған онлайн-көрме 2021 жылы 14-15 сәуірде сағат 15:00-де ZOOM платформасында өтеді.

Сілтеме: https://us02web.zoom.us/j/88242867718

«Мамандық және мансап» онлайн-көрмесі талапкерлерге дұрыс таңдау жасауға көмектеседі!

Үздік ЖОО таңдау – бұл бірегей тәжірибе және жарқын болашақ. Университеттер талапкерге көрме аясында өз бағдарламаларын ұсынады, көрме аясында:

– 2021/22 оқу жылына арналған университеттерге қабылдау ережелерімен танысуға болады;

– грантқа түсу және оқуға жеңілдіктер алу мүмкіндігі туралы ақпарат беріледі;

– бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары туралы біліп, рейтинг жасауға мүмкіндік бар;

– оқу орындарының өкілдеріне сұрақтар қоя аласыздар.

 

Ең үздік университеттердің қатысуымен өтетін онлайн-көрмені жіберіп алмаңыз!

 

2021 жылғы 14 – сәуірде Алматы қаласының үздік жоғары оқу орындары:

1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;

2. Қазақстан-Британ техникалық университеті;

3. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті;

4. Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті;

5. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті;

6. Нархоз университеті;

7. Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы (ҚазБСҚА);

8. Қазақ – Америка университеті.

 

15 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласының үздік жоғары оқу орындары:

1. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;

2.С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті;

3. М. Нәрікбаев атындағы «КАЗГЮУ» университеті;

4. Қазақстан Республикасының әлеуетті ведомстволарының ЖОО-лары;

5. Тұран-Астана университеті;

6. Astana IT университеті;

7. Астана халықаралық университеті.

 

Көрмеге қатысып, арманыңыздағы университетке түсу туралы тегін кеңес алыңыз!