«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық-педагогикалық олимпиадасының қалалық кезеңі туралы ақпарат

 

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 2021 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық-педагогикалық олимпиадасының қалалық кезеңін өткізеді.

Мақсаты – жас педагогтердің шағармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге болашақ мұғалімдердің кәсіби көзқарасын қалыптастыру.

Олимпиадаға 9-11 сынып оқушылары, әр мектептен қомандалық топ (8 адамнан аспайтын), жас педагогтар (еңбек өтілімі, 5 жылдан артық емес), педагог-ұйымдастырушылар (тәлімгерлер) мен психологтар, педагогикалық жоғарғы оқу орындары мен колледждердің соңғы курс студентері және магистранттары қатысады.

Жас педагогтер – елдегі білім беруді дамытудың басты ресурсы. Біздің болашағымыз мұғалімдердің жаңа буын білім алатын мектептерге қандай жаңа идеялар мен құндылықтар әкелетініне байланысты.

Олимпиаданың мазмұны нақты білім беру процесі жағдайында кәсіби педагогикалық шеберлікті көрсетуге, кәсіби педагогикалық қызмет саласында педагог тұлғасының шығармашылық өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі анықтау қабілетін көрсетуге мүмкіндік беретін конкурстық тапсырмаларды көздейді.

Тиісті санаттар бойынша қалалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Олимпиада 2 кезеңнен тұрады:

І кезең – іріктеу (сәуір айының 19-23 күндер аралығында)

ІІ кезең – қалалық (28-29 сәуір күндері)

Жоғары сынып оқушылары олимпиаданың іріктеу кезеңіне берілген тақырыптар бойынша: «Ұлы даланың көрнекті педагогтары», «Абай – дара тұлға», «Ыбырай Алтынсарин – қазақтың ұлы педагог-ағартушысы» (1 топтық) ұжымдық-шығармашылық жұмыстың толық нұсқасын ұйымдастырушыларға тапсырады.

Мұғалімдер, педагог-ұйымдастырушылар ( тәлімгерлер), психологтар мен магистранттар педагогика және психология бойынша тестілеуден өтеді.

Конкурсқа соңғы 3 жылда Олимпиадаға қатысқан қатысушылар қатыса алмайды.

Қалалық олимпиадаға тек іріктеуден өткен үміткерлер ғана қатыса алады.

Қатысушыларға сәттілік!