«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ бос басшылық лауазымдарға конкурс жариялайды:

 

16.03.2021 ж.

 

«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ бос басшылық лауазымдарға конкурс жариялайды:

 

  1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 11 «Гаухар» балабақшасы» МКҚК меңгерушісі (мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, Абай даңғылы, 17).

Лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 119 632 теңгеден                   133 789-ға дейін.

Қазақ және орыс тілінде тәрбие беретін балабақша. 1958 жылдан бастап жұмыс істейді, жобалық қуаты – 95 орындық.

 

  1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 62 «Нұрсәуле» балабақшасы» МКҚК меңгерушісі (мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Ильинка тұрғын үй алабы, Сырым Батыр көшесі, 105).

Лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 119 632 теңгеден                   133 789-ға дейін.

Қазақ тілінде тәрбие беретін балабақша. 2011 жылдан бастап жұмыс істейді, жобалық қуаты – 320 орындық.

 

  1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 92 «Жауқазын» балабақшасы» МКҚК меңгерушісі (мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Ильинка тұрғын үй алабы, А.Қашаубаев көшесі, 28).

Лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 119 632 теңгеден                   133 789-ға дейін.

Қазақ тілінде тәрбие беретін балабақша. 2017 жылдан бастап жұмыс істейді, жобалық қуаты – 240 орындық.

 

  1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 94 «Сұңқар» балабақшасы» МКҚК меңгерушісі (мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, А.Иманов көшесі, 40).

Лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 119 632 теңгеден                   133 789-ға дейін.

Қазақ және орыс тілінде тәрбие беретін балабақша. 2018 жылдан бастап жұмыс істейді, жобалық қуаты – 319 орындық.

 

Біліктілікке қойылатын талаптар:    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім педагогикалық жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде соңғы екі жыл мектепке дейінгі ұйымда педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының, педагог – зерттеушінің, педагог – шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындарының оқытушыларын, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), біліктілікті арттыру жүйесінің әдіскерлерін қоспағанда).

 

Лауазымдық міндеттері: нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту және тәрбие ұйымның (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады. Педагогикалық кеңес жұмысын басқарады. Оқу жұмыс жоспарларын, қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады, ішкі тәртіп ережелерін бақылайды. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру, оның ішінде кедергісіз орта құру үшін арнайы жағдайлар жасайды. Білім беру ұйымын басқару құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді. Тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Қоғамдық педагогикалық ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді. Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, тамақтандыру және балаларға дәрігерлік қызмет көрсету үшін ұйымды қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаражат пен оның жұмсалуы туралы есеп береді. Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады. Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды. Белгіленген тәртіппен қызметкерлердің біліктілік санатын беру (растау) жүргізеді. Білім беру ұйымдарында “Құндылықтарға негізделген білім беру” тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізу. Білім беру ұйымдарының туралы қажетті есепті дайындауды және ұсынуды жүзеге асырады.

 

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының “Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы” Кодексін, Қазақстан Республикасының “Білім туралы“, “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы“, “Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы“, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы“, “Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы” Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғауды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.

 

Конкурс ҚР «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы  13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген, педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012  жылғы 21 ақпандағы                № 57 «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде өткізіледі.

 

«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ хабарлама ЖАРИЯЛАНҒАН КҮННЕН БАСТАП ЖЕТІ ЖҰМЫС КҮНІ ІШІНДЕ бос лауазымға орналасу үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:

Білім беруді басқару органы хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде мемлекеттік білім беру ұйымдары басшысының бос лауазымына орналастыру үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;

6) алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

8) “Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;

11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);

12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);

13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;

14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы                № 57 бұйрығына сәйкес «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы»  тестілеу жүргізіледі.

 

Конкурстың өткізілетін уақыты жоғарыда көрсетілген Ережеге сәйкес белгіленеді.

 

Конкурстың өткізілетін орны «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды мына мекен-жайға тапсыру қажет: индекс 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11-үй, «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ № 722 А кабинет.

АНЫҚТАМА ТЕЛЕФОНДАРЫ: 55 68 59, 55 68 57.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік орта, техникалық
және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі білім беру ұйымдарының
басшыларын конкурстық
орналастыру және мемлекеттік
мектепке дейінгі, орта,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі және қосымша
білім беру ұйымының басшысы
лауазымына конкурстық
тағайындау қағидаларына
3-қосымша

 

____________________________
конкурстық комиссияның атауы
____________________________
____________________________
кандидаттың тегі, аты және
әкесінің аты (болған жағдайда)
____________________________
____________________________
(лауазымы, жұмыс орны)
____________________________
____________________________
нақты тұратын жері, тіркелген
мекенжайы, байланыс
телефондары

 

 

Өтініш

 

Мені ________________________________________ басшысы бос лауазымына

білім беру ұйымының атауы

орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

 

Қазіргі уақытта _________________________________ жұмыс жасаймын.

білім беру ұйымының атауы

 

Келесі жұмыс нәтижелерін негізге аламын

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

Өзім туралы келесі мәліметті хабарлаймын:

 

Білімі:

 

Оқу орнының атауы Оқу кезеңі Диплом бойынша мамандық
 

 

Жұмыс өтілі:

 

Жалпы Мамандық бойынша Педагогикалық Осы білім беру ұйымында
   

 

 

 

Алынған (берілген) жылын көрсете отырып, наградалары, атағы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

 

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Конкурс қағидаларымен таныстым *

 

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

 

2021 жылғы   “____” _______________ __________________________

(Қолы)