Елордалық оқушылар халықаралық байқауда жақсы нәтиже көрсетті

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылғы 1-3 наурыз аралығында ZOOM платформасында Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша ХІ халықаралық зерттеу жобалары конкурсын өткізді.

Халықаралық конкурсқа Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстанның барлық өңірінен 200-ден астам бала қатысты. Нұр-Сұлтан қаласының атынан бұл конкурста 17 оқушы бақ сынады. Нәтижесінде елордалық оқушылар жақсы нәтиже көрсетті:

ІІІ орын, қола медаль – Дана Шортан, Дана Жүнісова (БИЛ қыздар) және Олеся Озернов (№32 мектеп-гимназиясы);

ІІ орын, күміс медаль – Исмайыл Қуандықов (№54 мектеп-лицейі), Абай Садыков (№37 мектеп-лицейі).

Конкурстың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдар және медальдармен марапатталады.