Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған аспаздық өнер бойынша мастер-класс ұйымдастырылды

Ағымдағы жылдың 1 наурыз күні Сервис және туризм колледжі базасында Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы мен «Бақытты Шаңырақ» қоғамдық қоры арасында бірлескен іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған аспаздық өнер бойынша мастер-класс ұйымдастырылды.

Аталған мастер-классқа 6-18 жас аралығындағы 10-нан астам бүлдіршін қатысты. Олар шара барысында пицца дайындау бойынша аспаздық өнерді меңгерді және іс-шара соңында өз қолдарымен жасалған тағамдармен жақындарына дәм таттырды.