Құзыреттілік орталығының жұмысы таныстырылды

 

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Жас маман»  жобасы аясында Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі жанынан ашылған                           Құзыреттілік орталығының жұмысы таныстырылды.

Шараға Білім және ғылым министрлігінің техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің басшысы Насымжан Оспанова, «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының вице-президентінің м.а. Санжар Татибеков, «Talap» КЕАҚ жобаны үйлестіру және әріптестік департаментінің директоры Нұрдәулет Жанайдаров және Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттары қатысты.

Аталған қонақтарға колледж түлектерінің қатысуымен молекулалық тағамдар гастрономиялық жиынтығы бойынша аспаздық студия, кейтеринг (catering) практикалық модулі – маркетингтің нарықтық сегменттері бойынша мейрамханалық сервис және арт-кофені заманауи ұсыну бар ісі бойынша мастер-класстар алаңдары таныстырылды.

Айта кетейік, бұл таныстырылған алаңдар 2020 жылы бастау алған «Жас Маман» жобасы аясында заманауи техникалық аппараттармен жабдықталған.