«Татуласу мектебі: тең – теңімен» авторлық курсы аяқталды

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы және №72 мектеп-лицейі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында 2020-2021 оқу жылында профессор А. Н.Тесленконың «Татуласу мектебі: тең – теңімен» авторлық бағдарламасы жүзеге асырылды. Аталған бағдарламаның мақсаты- өзін-өзі реттеу дағдыларына және медиация арқылы жанжалдарды бейбіт жолмен шешу әдістерін оқыта отырып, оқушылардың оң ойлауын және жеке қасиеттерін дамыту.
Медиация – мүдделі емес, бейтарап маман жанжалға қатысушы тараптарға оның өзара қолайлы реттелуіне қол жеткізуге көмектесетін процесс. Медиатор келісімге жол ашады, қатысушылар арасындағы байланысты жеңілдетеді және бағыттайды, оларға тиісті ақпарат алуға және дұрыс таңдау жасауға көмектеседі.
Бұл жоба оқу курсынан өткен әрбір адамға кез-келген жастағы оқушылармен кез-келген сыныпта оның процедурасын ұйымдастырудың қарапайым медиация дағдыларын игеруге мүмкіндік береді. Медиатор-волонтер сертификатын алғаннан кейін, ол 2-3 адам тобына бірігуге және құрдастары арасында делдалдық рәсімдерді дербес жүргізуге мүмкіндік алады.
Бағдарламаның негізгі міндеті – елорданың мектептері мен колледждерінде «тең- теңімен» технологиясы бойынша татуласу және жанжалды жағдайлардың алдын алу қызметін ұйымдастыру.
«Тең-теңімен» бағдарламаларын қолданудың нәтижесінің дәлелдері:
«Тең-теңімен» қағидаты бойынша жұмыс істеу тек алдын алуға ғана емес, сондай-ақ осы бағдарлама жүргізілетін қоғамдастық ішіндегі қарым-қатынастарды жақсартуға да ықпал етеді.
«Тең» қол жеткізу қиын нысаналы топтармен (көше балалары, АИТВ-оң адамдар, есірткі тұтынушылар және т.б.) байланыс орнатуға көмектеседі.
«Тең» дегеннен алынған ақпарат көбінесе “ересектерден” немесе өмірлік жағдайларға тап болмаған адамдардан алынған ақпаратқа қарағанда үлкен сенімге ие.
Ағымдағы жылдың 22 ақпаны күні №72 мектеп-лицейі базасында «Татуласу мектебі: тең-теңімен» бағдарламасы бойынша қорытынды сабақ өтті, онда қатысушылар тренинг жұмысы барысында практикалық қызметтегі конфликтология және медиация бойынша өздерінің теориялық білімдерін тексерді.
Қорытынды тренинг соңында 18 қатысушы медиатор-волонтерге «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының куәлігін салтанатты түрде тапсырылды. №72 мектеп-лицейінің директоры Гүлсім Асылқызы Жүсіпова мектептегі медиация қызметі жақын арада іске қосылатынына сенім білдірді.