22 ақпанынан бастап жалпы білім беретін пәндер бойынша жыл сайынғы қалалық олимпиада басталды

2021 жылдың 22 ақпанынан бастап жалпы білім беретін пәндер бойынша жыл сайынғы қалалық олимпиада басталды. Олимпиадаға Нұр-Сұлтан қаласының 94 білім беру мекемесінен 1300-ден астам оқушы қатысады, оның ішінде: 19 орта мектеп, 27 мектеп-лицей, 33 мектеп-гимназия, 6 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп және 9 жеке мектеп.

Олимпиада апта бойы, күн сайын бірнеше пән бойынша өтеді:

22 ақпан – химия, биология;

23 ақпан-физика, география;

24 ақпан-математика, информатика;

25 ақпан-Қазақ тілі мен әдебиеті, Орыс тілі мен әдебиеті

26 ақпан-Қазақстан тарихы, құқықтану негіздері, өзін-өзі тану, ағылшын, неміс және француз тілдері.

Олимпиада қорытындысы бойынша 2021 жылдың 2 наурызында онлайн режимде жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен және медальдармен марапаттау рәсімі өтеді. Сондай-ақ, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы номинациялар беріледі: “Олимпиаданың жаңа есімі-2021”, “Олимпиаданың ең жас қатысушысы-2021”, “Олимпиаданың абсолютті жеңімпазы-2021”, ЖМБ және ГҒБ (І, ІІ және ІІІ дәрежелі) бағыттары бойынша “Үздік олимпиадалық команда-2021”.

Олимпиаданың әр күні аяқталғаннан кейін “Астана дарыны” ДДжПС сайтында (astanadaryny.kz) және Telegramm-чатта қатысушылардың жұмыстары, дұрыс жауаптар және пәндері бойынша хаттамалар жарияланады.