ҚАЛАЛЫҚ ЖАМБЫЛ ОҚУЛАРЫ

Жамбыл Жабайұлы – қазақ халық поэзиясын қалыптастырушы, әрі эпик, әрі айтыс ақыны. Абыз жырау, жауынгер жыршы тек ақындық шеберлігімен ғана емес парасатты өнерпаздығы, жасампаздық рухтағы даралығымен де ерекше. Жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы іспеттес жасампаз ұрпақпен мәңгі жасай береді.
2021 жылғы 18 ақпан күні «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы Ж. Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында №4 мектеп – гимназиясында дәстүрлі Жамбыл оқуларын өткізді.

Жамбыл оқуларының мақсаты- мектеп оқушылары арасында ақынның еңбектерін насихаттау және шығармаларын терең меңгеруге қызығушылығын ояту.
Қалалық Жамбыл оқуларына Нұр – Сұлтан қаласының 62 білім беру мекемелерінің 120 оқушысынан сұраныс қабылданды.

Әр номинация бойынша ҚР мәдениет қайраткерлері, ақындар мен өнер майталмандары, жоғары оқу орындарының оқытушылары қазылық қызмет атқарды.
Қалалық Жамбыл оқуларында:
1. «Тыңда, дала, Жамбылды» – ақынның дастандарын жатқа оқу номинациясы бойынша:
І орын – №2 МГ, №87 МГ
ІІ орын – №9 «Зерде», №63 МГ, №67 Г
ІІІ орын – №24 ОМ, №29 ОМ, №77 МГ
Грамота – №62 МЛ, №64 МЛ, №68 МГ, №72 МЛ
2. «Жүз жасаған атама жыр арнаймын» – жас дарындар (ақын, айтыскерлер) номинациясында:
Бас жүлде – №87 МГ
І орын – №86 МГ
ІІ орын – №4 МГ, №57 ОМ, №78 МГ, №83 МГ
ІІІ орын – №55 ОМ, №58 МГ, №68 МГ, №69 МГ, №76 МЛ
Грамота – №7 МГ,№9«Зерде»,№51 МГ,№52 МГ,№53 МЛ,№71 МЛ,№66 МЛ
3. «Жыр алыбы – Жамбыл» ақынның еңбектері туралы эссе жазу номинациясында:
І орын – №82 мЛ, №67 Г, №40 МЛ, №58 МГ
ІІ орын – №4 МГ, №72 МЛ, №38 МЛ, №52 МГ, №51 МГ, №2 МГ, №7 МГ
ІІІ орын – №87 МГ, №68 МГ, №64 МЛ, №66 МЛ, №63 МГ, №42 ОМ, №35 МГ, №24 ОМ, №69 МГ, №55 ОМ
Грамота – №3 МГ, №83 МГ, №70 МЛ, №14 мектеп – гимназиясының оқушылары жүлделі орындарға ие болды.
Қалалық Жамбыл оқуларының өтуіне қосқан үлестері және ұйымдастыру жұмысына атсалысқандары үшін №4 мектеп – гимназиясының әкімшілігі мен ұстаздарына алғыс айтамыз! Жауынгер жыршының жастарды рухани қасиеттерге тәрбиелейтін құнды қазыналарын таныту жолындағы еңбектеріңізге табыс тілейміз!