Елордада білім беру мекемелеріндегі өрт қауіпсіздігі талқыланды

Бас қалада білім беру нысандарының өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша онлайн-кеңес өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Кеңеске Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Б.Сматаева, Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД МӨҚБ бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Е.Отарғалымұлы, сол сияқты қаланың барлық білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Күн тәртібінде білім беру нысандарының өртке қарсы жай-күйі, тілсіз жауға қарсы режимнің сақталуы, өрт автоматикасы жүйелері мен өртке қарсы нұсқауларды сақтау және техникалық қызмет көрсету тәртібі, өрт шыққан кездегі іс-қимыл тәртібі және эвакуациялау процесін ұйымдастыру Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне жүктелген мәселелердің бірі болды.

Осылайша, қаланың білім беру нысандарында тіршілік қауіпсіздігі мәселелеріне жүйелі тәсілді ұйымдастыру мақсатында ТЖД-да жалпы білім беретін мектептердің, орта кәсіптік оқу орындарының және мектепке дейінгі оқу орындарының оқытушыларын оқыту практикасы енгізілді. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің 450 қызметкері арнайы оқудан өтті.

Кеңеске қатысушыларға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды уақытылы жүргізу, сондай-ақ өрт автоматикасы жүйесін жұмыс жағдайында ұстау, өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік инспекторлар берген нұсқамаларды толық көлемде орындау, тұрақты негізде қызметкерлермен өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқама және қауіпсіз эвакуациялау бойынша жаттығулар өткізу, мекемелердің электр шаруашылығының жағдайына ерекше назар аудару, күн сайын жылыту маусымының өту барысын және санитарлық нормаларға сәйкес температуралық режимнің сақталуына бақылау жүргізу тапсырылды.