Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар байқауының қорытындысы бойынша елордалық команда І орынға ие болды!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша жыл сайын дәстүрге айналған республикалық ғылыми жобалар байқауы өтті.
Конкурстың қорытынды кезеңі биыл алғаш рет 2021 жылғы 9-12 ақпан аралығында онлайн режимінде өткізілді.
Байқаудың қорытынды кезеңіне Нұр-Сұлтан қаласынан жас зерттеушілердің 35 ғылыми жобасы ұсынылды, оның ішінде 23 жұмыс республикалық қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды және жүлделі орындарды иеленді.
Байқаудың қазылар алқасы шешімімен 6 жоба ҚР БҒМ І дәрежелі дипломымен және алтын медальмен, 5 жоба ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медальмен, 12 жоба ІІІ дәрежелі дипломмен және қола медальмен марапатталды.
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының байқау қорытындысы мен сапалы рейтингісі бойынша елордалық команда І орынға ие болды!
Нұр-Сұлтан қаласының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
І орын –№65 МГ, №66 МЛ, БИЛ (ұлдар), №82 «Дарын» Л., №87 МЛ

ІІ орын – №3 МГ, №4 МГ, №9 «Зерде», №68 МГ, №87 МГ,
ІІІ орын – №5 Г, №9 «Зерде» (2), №32 МГ, №37 МЛ, №50 МЛ, №51 МГ №64 МЛ (2) , №74 МГ, №82 «Дарын» Л, БИЛ (қыздар).
Ғылыми байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін және олардың мұғалімдерін құттықтаймыз!