Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың аудандық кезеңі басталды

Ағымдағы жылдың 8 ақпанында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі басталды.

Оқушылар олимпиадасы республикадағы ең танымал және беделді олимпиадалар санатына жатады.

Оқушылар үшін бұл өзіне ұнайтын тақырыпта өз күшімен білімін сынап көрудің ерекше мүмкіндігі.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша олимпиадаға қатысуға ниет білдірген жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сыныптарының 4055 оқушысы бар.

Алғаш рет қалыптасқан жағдайға байланысты карантин жағдайында олимпиада қашықтықтан өткізіледі.

ОЛИМПИАДА ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!