ПРЕСС-РЕЛИЗ

Нұр-Сұлтан қаласының Білім Басқармасы «Шектеу шаралары (карантин) кезеңінде Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландыру көлемі мен мөлшерін бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулы жобасын әзірледі.

Осыған орай, 2021 жылғы 15 қантарда сағат 10:00-де Бейбітшілік к-сі,11 мекен-жайында Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының 719 кабинетінде аталған жобаға реттеушілік әсерді талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылау өтеді.