Елордалық мектептерде 3 тоқсанда 70 мыңға жуық оқушы оқиды

Бүгін оқу жылының 3 тоқсаны басталды. Кеше 10 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат сайлауының өтуіне байланысты білім беру нысандары да сайлау учаскелері ретінде қолданылды. Сондықтан, бүгін мектептерде дезинфекциялық шаралар жүргізіліп, сабақтар қашықтан оқыту форматында өтуде.

12 қаңтардан бастап мектептерде оффлайн оқу жалғасады. Айта кетейік, үшінші тоқсанда 1-5 сынып оқушылары кезекші сыныптар режимінде оқуларын жалғастырады. 

Cонымен қатар, III тоқсанда бітіруші 9 және 11 (12) сынып оқушылары аралас форматта 15 адамнан аспайтын кезекші сыныптар режимінде оқиды. Оффлайн өтетін сабақ кестесіне: Орыс тілі мен әдебиеті, Қазақ тілі мен әдебиеті, Шет тілі, Алгебра, Геометрия, Физика, Химия, Биология, География, Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы кіреді. Бұл оқыту пәндерінің 70% – ын құрайды. 

Сондай-ақ пәндердің 30%-ы қашықтан оқытылады: Информатика, Өзін – өзі тану, Дене шынықтыру, Құқық негізі, Алғашқы әскери технологиялық дайындық пәндері қашықтан оқытылады. 

Мектептерде икемді сабақ кестелері жасалып, сабақтар арасындағы үзілістер әр сынып үшін әр түрлі уақытта ұйымдастырылады. Сабақ уақыты 30 минуттан аспайды, үзіліс 5 минуттан.

Айта кетейік, 3 тоқсанда 70 мыңға жуық оқушы мектепке барып оқиды.