Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарындағы екінші жарты жылдық

Екінші семестрден бастап кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарындағы 1 курстың 8223 студенті аралас форматтаоқиды деп жоспарлануда. Яғни, пәндердің70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтықрежимде өтеді.
Колледждердің 100%-ы білім берудің ақпараттық ресурстарында жұмыс істейді.

Штаттық режимде оқыту 15 студенттен аспайтын шағын топтарда жүргізіледі (аудиторияның толтырылуы 50% – дан аспайды).

Штаттық режимде практикалық және зертханалық сабақтар (физика, химия, математика және т.б.), қашықтықтан оқыту режимінде – тарих, қазақ, орыс және ағылшын тілдері, өзін-өзі тану, мәдениеттану, әлеуметтану және т. б. пәндер бойыншадәріс сабақтары өткізіледі.

Өндірістік оқыту және кәсіптік практика, зертханалық жұмыстар және практикалық сабақтар толық немесе ішінара кәсіпорындар базасында немесе техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында (мамандықтардың ерекшелігіне байланысты) шағын топтарда қашықтықты сақтай отырып жүргізіледі.

Аралас форматта оқытуды ұйымдастыру кезінде:
1) аудиториялық дәрістердің кестесі олардың басталу және аяқталу уақыты көрсетіліп жеке жасалады;
2) аудиториядағы дәрістер кемінде 1,5 метр қашықтықты және бетперде режимін сақтай отырып жүргізіледі;
3) сабақтар арасындағы үзіліс әрбір топ үшін жеке ұйымдастырылады;
4) кітап үлестіру жөніндегі жұмысты қоспағанда, кітапханалардағы оқу залдары жабылады;
5) санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау туралы студенттерге, педагогтерге, өндірістік оқыту шеберлеріне, ата-аналарға нұсқаулық жүргізіледі;
6) медицина қызметкері күн сайын студенттер мен басқа да қызметкерлердің денсаулығына бақылау жүргізеді.

Студенттерді жатақханада орынмен қамтамасыз ету- қаладағы 2 693 орынға арналған 15 жатақхана есебінен шешіледі. Барлық жатақханадан орынға мұқтаж 1281 студент жатақханамен қамтамасыз етіледі.