Білім алушыларға арналған Жаңа жылдық мереке

Қазіргі таңда көптеген ата-аналарды білім беру ұйымдарында жаңа жылға арналған мерекелік шаралар қалай өтеді деген сұрақ мазалайтынын білемін.

Жаңа жыл – бұл жай ғана мереке емес, бұл әр бала үшін ғажайыптың белгісі іспеттес. Жаңа жыл қарсаңында білім беру ұйымдарында бұрын шыршалар безендіріліп, әдемі киімдерсіз және тәтті сыйлықтарсыз өткізілмейтін.
Алайда, карантиндік шектеу шараларына байланысты білім беру ұйымдарында жоғарыда аталған іс-шараларды өткізуге жол берілмейді.

Бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйымдарда әрбір топта барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, ата-аналардың қатысуынсыз «Қош келдің,Жаңа жыл» тақырыбында мерекелік сабақтар өткізілуде. Жаңа жылдық сабақтарды өткізу үшін топтар тақырыпқа сәйкес безендірілген. Әр топқа шырша мен ертегі кейіпкерлері орнатылды. Мерекелік сабақтардың сценарийіне сәйкес әр бала мерекелік киіммен қатысады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің және Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің атынан мектеп оқушыларына жаңа жылдық сыйлықтарды табыстаубойынша жұмыстар ұйымдастырылуда.

ҚР Президентінің атынан жаңа жылдық сыйлық жиынтығы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар 200 балаға беріледі. Кеше, 24 желтоқсанда балаларға жаңа жылдық сыйлықтар, яғни -Президенттің құттықтау хаты, кітап және «Орчестра» дүкендерінен киім сатып алуға 100 мың теңгеге сертификат, тәттілер мен үстел ойыны табысталды.

Сонымен қатар, 25 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің атынан жаңа жылдық сыйлық жиынтықтары аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасылардан шыққан балаларға, және әр түрлі жетістіктерге жеткен дарынды 450 балаға табысталады. (құттықтау ашық хаты, «Орчестра» дүкендерінен киім сатып алуға 50 мың теңгеге сертификат, тәтті сыйлық, үстел ойыны).

Балаларға жаңа жылдық сыйлықтарды Аяз Ата мен Ақшақар санитарлық нормаларды сақтай отырып, баланың үйіне барып салтанатты түрде табыстайды.
Жаңа жылдық іс-шаралар барлық білім беру ұйымдарында бекітілген жоспарға сәйкес онлайн форматта өтеді.