ІІІ тоқсанның ерекшелігі

11 қаңтардан бастап оқу жылының үшінші тоқсаны басталады. 1-5 сынып оқушылары кезекші сыныптар режимінде оқуларын жалғастырады.

Cонымен қатар, III тоқсанда бітіруші 9 және 11 (12) сынып оқушылары аралас форматта 15 адамнан аспайтын кезекші сыныптар режимінде оқуды бастайды деп жоспарлануда. Нақты шешім ең алдымен қаламыздағы эпдемиялогиялық жағдайға байланысты болады.

Оффлайн өтетін сабақ кестесіне кіретін пәндер:
— Орыс тілі мен әдебиеті
— Қазақ тілі мен әдебиеті
— Шет тілі
— Алгебра
— Геометрия
— Физика
— Химия
— Биология
— География
— Қазақстан тарихы
— Дүниежүзі тарихы.
Бұл оқыту пәндерінің 70% – ын құрайды.

Пәндердің 30%-ы қашықтан оқытылады:
— Информатика
— Өзін – өзі тану
— Дене шынықтыру
— Құқық негізі
Алғашқы әскери технологиялық дайындық.

Вариативті компоненттің пәндері кестеге сәйкес асинхронды түрде жүргізіледі.

Мектептерде икемді сабақ кестелері жасалып, сабақтар арасындағы үзілістер әр сынып үшін әр түрлі уақытта ұйымдастырылады. Сабақ уақыты 30 минуттан аспайды, үзіліс 5 минуттан.

Сабақ кестесін құру кезінде жоғары сынып оқушыларының жас ерекшеліктері, олардың қабілеттері мен қажеттіліктері, сондай-ақ 11-сынып оқушыларының жаңартылған білім беру мазмұнына көшуі және кіріктірілген сабақтарды өткізу мүмкіндігі ескеріледі.

Сондай-ақ, сабақтан тыс уақытта оқушылардың оқудағы олқылықтарының орнын толтыру және қорытынды аттестаттауға дайындық үшін 5 адамнан аспайтын топтарда жеке консультациялар ұйымдастырылады. Бұл консультацияларға оқушылар қажеттілігене қарай ата-аналардың келісімімен қатысуына болады.