Елордалық команда халықаралық мегаполис олимпиадасында жақсы нәтиже көрсетті

Мегаполистер олимпиадасы – жыл сайын Мәскеу қаласында өткізілетін халықаралық командалық жарыс. Оған әлемнің ірі қалаларынан14-18 жастағы балалар қатысады. Биыл 16-20 желтоқсан аралығында V халықаралық мегаполис олимпиадасы онлайн режимінде өтті. 

Әр қаладан сегіз қатысушыдан ұсынылады. Олар физика, химия, математика және информатика бағыттары бойынша білімдерін сынайды. Бұл жарыс блиц-турдан және екі негізгі сайыстан тұрады.

Блиц-тур барысында әр командаға 80 тапсырма ұсынылды, мұнда жауаптарының дұрыстығы ғана емес, жылдамдық та маңызды. Онымен қоса оқушыларға бар болғаны екі сағат берілді. Блиц-тур бұл – дербес жарыс, оның нәтижелері жалпы есепте ескерілмейді.

 Олимпиадаға 31 ірі мегаполистен оқушылар командасы қатысты. Нұр-Сұлтан қаласынан әр пән бойынша 2 оқушыдан бір команда құралды.

Блиц-турнирде жеңімпаз атанған елордалық оқушылар жалпыкомандалық үшінші орынды иеленді. Жеке есепте оқушылар 3 күміс және 3 қола медальмен марапатталды.

– Раушанов Марлен – «Білім инновация лицейі» 11сынып оқушысы – математика пәні бойынша күміс медаль;
– Сейсенкул Бакдаулет – «Білім инновация лицейі» 11сынып оқущысы – химия пәні бойынша күміс медаль;
– Канатулы Аманбол, «NURORDA», мектеп лицейі 11сынып оқушысы – информатика пәні бойынша күміс медаль ; 
– Женис Алиби, «NURORDA» мектеп лицейі 11 сынып оқушысы – математика пәні бойынша қола медаль;
– Назарбай Нурдаулет – «NURORDA» мектеп лицейі 10 сынып оқушысы – физика пәні бойынша қола медаль;
– Аширбек Едыге – «NURORDA» мектеп лицейі 10 сынып оқушысы – информатика пәні бойынша қола медаль

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз!