Білім басқармасы «Елорданың үздік басқармасы» номинациясын жеңді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасымжомарт Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту бастамасын қолдау мақсатында «ЖАНАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының Нұр-Сұлтан қалалық РҚБ филиалы бес номинация бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта конкурстық іс-шаралар ұйымдастырды. Мемлекеттік мекемелер «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік карикатура», «Елорданың үздік мемлекеттік қызметкері», «Елорданың үздік басқармасы», «Үздік бақылаушы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарды бұқаралық ақпарат құралдарында үздік жариялау және жан-жақты ашу» аталымдары бойынша сынға түсті. 

Байқау нәтижелері бойынша Білім басқармасы «Елорданың үздік басқармасы» номинациясын жеңді.