Республикалық «Абай әлемі» шығармашылық байқауының жеңімпаздары анықталды

2020 жылдың 10- 12 желтоқсан аралығында Алматы қаласындағы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп- интернаты   қашықтықтан «Абай әлемі» шығармашылық байқауын өткізді. Байқауға 200- ден аса оқушы қатысты.  

Шығармашылық байқау 2 бағыт бойынша өтті: 

  • «Жүрегімнің түбіне терең бойла….» эссе жазу;
  • «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін….» ақындар мүшәйрасы.

Нұр- Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінен қатысқан 12 оқушы да жүлдегер атанып, 100% нәтиже көрсетті.       

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін….» ақындар мүшайрасы номинациясы бойынша:  

І дәрежелі диплом

№55 ОМ 10- сынып оқушысы Өркенқызы Аяулым;
№87 МГ 8- сынып оқушысы Айдарова Альбина .

ІІ дәрежелі диплом.

№58 МГ 11- сынып оқушысы Талғатбек Ақерке.

«Жүрегімнің түбіне терең бойла….» эссе жазу номинациясы бойынша: 

ІІ дәрежелі диплом

№52 МГ 8- сынып оқушысы Сағынай Ақтұмар; 
№52 МГ 9- сынып оқушысы Альшер Айдана;
№87 МГ 9- сынып оқушысы Жұмабай Аружан. 

ІІІ дәрежелі диплом

№87 МГ 10- сынып оқушысы Бахкелді Мерей. 

Ұйымдастырушылар жас ақын  №87 МГ 8-сынып оқушысы Айдарова Альбинаның болашағына үлкен үміт артып, Алматы қаласындағы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп- интернатта білім алуға шақырды.  

«Абай әлемі» шығармашылық байқауына қатысушылар мен жетекшілерін жеңістерімен құттықтап, еңбектеріне табыс тілейміз!