Елордада «Білім-Инновация» лицейінің оқушыларына арналған жаңа үш қабатты мектеп ашылды

Ұл балаларға арналған «Білім-инновация лицейіне» заманауи үш қабатты жаңа ғимарат берілді. Балалар биология, химия, математика, робототехника пәндерінен алған теориялық білімдерін бірден тәжірибеде қолдана алады. Мектепте домбыра, шахмат, тоғызқұмалақ кабинеттері, спорт секциялары және т.б. бар.

 Бұрын дарынды балаларға арналған “Білім-инновация” мектеп-лицейінің оқушылары 50 жыл бұрын салынған ғимаратта білім алып келсе, енді жаңа мектепте оқиды.

Тәуелсіздік күні мерекесінде қала әкімі Алтай Көлгінов мектептің ашылуына қатысып, мектеп ұжымына сәттілік тіледі.