«Елбасы медалі» мен «Ел мақтанышы» иегерлері марапатталды

Бүгін Тұңғыш Президенттің қатысуымен халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен олардың жаттықтырушыларын «Ел мақтанышы» сыйлығын табыстауға және Елбасы қола медальдарын марапаттауға арналған онлайн Форум өтті.

«Ел Үміті» бастамасының жобалары 1,5 миллион адамды қамтыды, олар – оқушылар, студенттер, ата-аналар, педагогтар, қызметтегі жастар, мамандар.

«Елбасы медалі» жобасы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “El umiti” – “Ұлт үміті” бастамасы нәтижесінде әзірленді. 

«Елбасы медалі» – Елбасының қамқорлығымен іске асырылатын талантты және бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу жөніндегі бірегей бағдарлама. 14-29 жас аралығындағы жастарға арналған жоба 2020 жылдың шілде айында басталды және 7 бағыт бойынша даму бағдарламасы қарастырылған: спорт, өнер, кітап оқу, Ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен туристік саяхаттар, еңбек тәжірибесі.

Қатысушылардың таңдауына орай үш деңгей ұсынылады: қола, күміс немесе алтын, әр бағыт бойынша 6 айдан 18 айға дейінгі қызметті жүзеге асырулары тиіс.

Қазіргі уақытта жоба 11 мыңнан астам қатысушыны, 600 тәлімгерді, 17 өңірлік үйлестірушілер мен сарапшыларды қамтиды. Бүгінде барлық өңірлерде жобаның 300 қатысушысы қола медальмен марапатталды.

Атаулы жобаның мақсаты – дарынды ұл-қыздарды қолдау, жауапкершілік пен табандылық сезімін дамыту, оларды мақсат қоюға және сол мақсаттарына жетуге баулу.

«Ел мақтанышы» сыйлығы – ең беделді халықаралық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болған оқушылар мен олардың жаттықтырушы-тәлімгерлеріне арналған арнайы сыйлық. Бұл сыйлықты Нұр-Сұлтан Назарбаев қоры 2019 жылдан бері марапаттап келеді. Өткен жылы сыйлық математика, информатика, физика, химия, биология, лингвистика және география пәндері бойынша халықаралық олимпиадалардың 20 жүлдегері мен олардың 25 жаттықтырушысына табыс етілді. Сыйақы мөлшері 500 мыңнан 2 миллион теңге аралығын құрайды. 

Форум аясында Нұр-Сұлтан қаласының «Ел мақтанышы» және «Елбасы медалі» жобасының барлық шарттарын сәтті орындаған оқушыларға қала әкімі Алтай Көлгінов пен қала әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен қола медаль мен марапаттарын табыстады.

«ЕЛ МАҚТАНЫШЫ» сыйлығының игерелері 

– Дуйсенбеков  Данат – Дарынды ер балаларға арналған «Білім инновация» лицейінің оқушысы.

Сейсенқул Бақдәулет – Дарынды ер балаларға арналған «Білім инновация» лицейінің оқушысы.

Сонымен қатар, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына білім берген төрт ұстаз «Ел мақтанышы» марапатына ие болды. 

  • Муаммер Гуль – «Білім-инновация» лицей лицейінің математика пәні мұғалімі;
  • Сакимов Ильяс Кабиденович  «EdLight Education Support» ЖШС ұлттық жаттықтырушы;  
  • Аманжолов Азим –«Astana Garden School» ЖШС мұғалімі, ұлттық жаттықтырушы;  
  • Моргунов Антон – «Massachusetts Institute of Technology» студенті, ұлттық жаттықтырушы.

ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ» марапатының иегерлері: 

  • Тулеубаева Диляра – Дарынды қыз балаларға арналған «Білім инновация» лицейінің оқушысы;
  • Коспанова Назия – Дарынды қыз балаларға арналған «Білім инновация» лицейінің оқушысы;
  • Тортбай Нурила  – № 52 мектеп-гимназиясының оқушысы;
  • Шаймерденова Назира – Дарынды қыз балаларға арналған «Білім инновация» лицейінің оқушысы;
  • Азиза Каримова – Дарынды қыз балаларға арналған «Білім инновация» лицейінің оқушысы;
  • Бақытжанқызы Айжан – Дарынды қыз балаларға арналған «Білім инновация» лицейінің оқушысы;
  • Каиргельдина Айзере – №6 мектеп-лицей оқушысы;
  • Леута Денис – №6 мектеп-лицей оқушысы;
  • Болотова Екатерина – №6 мектеп-лицей оқушысы;
  • Евстафьева Екатерина – №6 мектеп-лицей оқушысы;
  • Ломако Анастасия – №6 мектеп-лицей оқушысы;
  • Фриген Маргарита  – №6 мектеп-лицей оқушысы;
  • Алкеева Розалина – №85 мектеп-лицей оқушысы;
  • Молотовская Дарья  – №85 мектеп-лицей оқушысы.

 

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!