ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНКУРСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

Ұлы ғалым Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу аясында «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы балалардың ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын дамыту мақсатында 2020 жылғы қараша айының 23-27 күндері аралығында 8-11 сынып оқушыларына арналған әл-Фараби атындағы Республикалық ғылыми конкурсын өткізді. 

Елдегі қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты ғылыми конкурс онлайн режимінде 7 секция бойынша өткізілді:

1. Физика
2. Жер және ғарыш туралы ғылымдар
3. Математика
4. Информатика
5. Биология
6. Химия
7. Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау.

Конкурстық жұмыстар Antiplagiat жүйесі арқылы ережеге сәйкес тексерілді, сонымен қатар қатысушылар Zoom платформасы арқылы тікелей эфирде секция бойынша өз жұмыстарын қорғады.

Конкурсқа Нұр-Сұлтан қаласының білім беру мекемелерінен 14 оқушы қатысты.

Қатысушылардың жұмысын жоғары оқу орындарының ғалым-оқытушылары, профессорлар қатары бағалады.

Салыстырмалы талдаудың нәтижелері бойынша жоғары балл жинаған Нұр-Сұлтан қаласының оқушылары көш бастаған команда қатарында.

Конкурстың нәтижесінде 11 оқушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және грамоталармен марапатталды:

1 орын – 1

Мештбеков Нұрлан, №8МЛ, 9-сынып («Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау»)

ІІ орын – 4

1. Сабырбаев Темірлан, №50 МЛ, 11-сынып («Жер және ғарыш ғылымдары»);
2. Асангелді Нұрсұлтан №9 «Зерде», 9-сынып («Физика»);
3. Олишевич Алексей, №60 МЛ, 11-сынып («Биология»);
4. Карабкин Виталий, №22 МГ, 11-сынып («Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау»)

ІІІ орын – 3

1. Сражадин Мәди, №50 МЛ, 11-сынып («Информатика»);
2. Жүмітай Анар, №82 «Дарын» («Химия»);
3. Озернова Олеся, № 32 МГ, 11-сынып («Математика»);

Грамота – 3

1. Мұхамет Қали, №59 МЛ, 11-сынып («Жер және ғарыш туралы ғылымдар»);
2. Аманбай Мерей, №15МЛ, 9 сынып («Математика»);
3. Кәкімжанова Әйгерім, №85 МЛ, 9 сынып («Физика»)

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз!