“Ecostan-ға саяхат” республикалық экологиялық байқауының қорытындысы шықты

“Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы 7-12 сынып оқушыларына арналған “Ecostan-ға саяхат” республикалық экологиялық байқауын өткізді. Қашықтық форматта өткен байқауда елордалық оқушылардың құрама командасы үшін жеңіспен аяқталды.

«National Geographic Qazaqstan» журналымен бірлесіп өткізілген байқау аталған журналдың бас директоры мен бас редакторы Жақыпов Еркін Жақыпұлының басшылығымен ұйымдастырылды. Сондай-ақ аталған журнал ұжымы үздік жұмыстарды таңдау кезінде демеушілік көрсетіп, қазылар алқасының мүшелері болды. Қазылар алқасы біздің оқушылардың жұмыстарын ерекше атап өтіп, жоғары баға берді.

І дәрежелі Диплом иегерлері: – Бегалина Дильназ – №47 мектеп-гимназиясы,
– Имашов Айбек – №28 мектеп-лицейі,
– Замирбекова Малика –№40 мектеп-лицейі.

II дәрежелі диплом иеленгендер: – Есіркеп Инабат – № 40 мектеп-лицейі,
– Машанова Медина – № 71 мектеп-лицейі.

ІІІ орын жүлдегерлері:
– Деденко Виолетта – №47 мектеп-гимназиясы,
– Бурнаев Руслан – №71 мектеп-лицейі.

Грамотамен марапатталғандар:
– Идодулла Жанелия –№65 мектеп-гимназиясы
– Муканова Анеля – №71 мектеп-лицейі.

Қатысушылар мен жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз!