«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ бос басшылық лауазымдарға конкурс жариялайды:

04.12.2020 ж.

1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 13 орта мектеп» КММ директоры (мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, Промышленный тұрғын үй алабы, Шалкөде көшесі, 5). Лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 101 404 теңгеден 122 994-ке дейін).

Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жалпы орта білім беретін мектеп. Бағыты – қоғамдық-гуманитарлық. 1982 жылдан бастап жұмыс істейді, мектептің жобалық қуаты – 320 орындық. 

2. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 23 орта мектеп» КММ директоры (мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Байқоңыр ауданы, Тұрғын үй алабы Өндіріс, Тайбурыл көшесі, 17); 

Лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 101 404 теңгеден 122 994-ке дейін).

Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жалпы орта білім беретін мектеп. Бағыты – қоғамдық-гуманитарлық. 1966 жылдан бастап жұмыс істейді, мектептің жобалық қуаты – 350 орындық. 

3. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 31 мектеп-гимназия» КММ директоры (мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Байқоңыр ауданы, Кенесары көшесі, 49). Лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 101 404 теңгеден 122 994-ке дейін).

Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жалпы орта білім беретін мектеп. Бағыты – қоғамдық-гуманитарлық. 1976 жылдан бастап жұмыс істейді, мектептің жобалық қуаты – 1115 орындық. 

4. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 62 мектеп-лицей» КММ директоры (мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, Мәскеу көшесі, 41). Лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 101 404 теңгеден 122 994-ке дейін).

Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жалпы орта білім беретін мектеп. Бағыты – жаратылыстану-математикалық. 2009 жылдан бастап жұмыс істейді, мектептің жобалық қуаты – 1200 орындық. 

5. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 86 мектеп-гимназия» КММ директоры (мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, А-98 көшесі, 20). Лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 101 404 теңгеден 122 994-ке дейін). 

Қазақ тілінде оқытатын жалпы орта білім беретін мектеп. Бағыты – қоғамдық-гуманитарлық. 2019 жылдан бастап жұмыс істейді, мектептің жобалық қуаты – 1200 орындық. 

Біліктілікке қойылатын талаптар: Бастауыш, негізгі орта, орта, шағын жинақты мектептерді қоспағанда білім беру ұйымдары үшін: тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; педагогикалық жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, бұл ретте соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі, орта білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы өтілі бір жылдан кем емес; педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының, педагог – зерттеушінің, педагог – шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін қоспағанда).

6. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 82 «Дарын» мамандандырылған лицейі»КММ директоры (мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Ұлы Дала даңғылы, 27/2). Лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 101 404 теңгеден 122 994-ке дейін).

Қазақ тілінде оқытатын мамандандырылған лицей. Бағыты – жаратылыстану-математикалық. 2015 жылдан бастап жұмыс істейді, мектептің жобалық қуаты – 1200 орындық. 

7. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Дарынды қыз балаларға арналған«Білім-инновация»лицей-интернаты» КММ директоры (мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, А-98 көшесі, 20). Лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 101 404 теңгеден 122 994-ке дейін).

Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мамандырылған лицей. Бағыты – жаратылыстану-математикалық. 2003 жылдан бастап жұмыс істейді, мектептің жобалық қуаты – 800 орындық. 

Біліктілікке қойылатын талаптар: Мамандандырылған білім беру ұйымдары үшін: тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі, облыстық немесе республикалық, немесе халықаралық олимпиадалардың, орындаушылар конкурстарының және спорттық жарыстардың жүлдегерлерін және жеңімпаздарын дайындаған жалпы білім беретін мектептерде, гимназияларда, лицейлерде басшының орынбасары лауазымындағы; педагогтың жоғары біліктілік санатының, педагог – зерттеуші немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін қоспағанда).

Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады.

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Педагогикалық кеңесті басқарады.

Мектептің жұмыс жоспарын, оқу-тәрбие жұмысы жоспарын, жұмыс оқу жоспарын, пән-мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бекітеді. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдау үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды.

Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды.

Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.

Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.

Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогтердің біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады.

Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.

Педагогикалық этика бойынша кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады. Өз құзыреті шегінде мектептің басқа да барлық қызметкерлеріне жаза қолданады.

Қоғаммен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен), қорғаншылық кеңесімен жұмысты үйлестіреді.

Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымдарына ұсынады, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді. Ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген. Өзіндік кәсіби дамуын қолға алады, оның ішінде менеджмент саласында. Білім беру ұйымдарында “Құндылықтарға негізделген білім беру” тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді. Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады. Білім беру қызметін ұсыну сапасына жауап береді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, “Білім туралы”, “Педагог мәртебесі туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”, “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды. 

Конкурс ҚР «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген, педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012жылғы 21 ақпандағы№ 57 «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы жәнеҚазақстан Республикасы   Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы8 сәуірдегі   № 173 бұйрығының2-қосымшасы негізінде өткізіледі. 

«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ немесе мемлекеттік корпорация (Азаматтарға арналған үкімет) хабарлама жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бос лауазымға орналасу үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:

Білім беруді басқару органы хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде мемлекеттік білім беру ұйымдары басшысының бос лауазымына орналастыру үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;

6) алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

8) “Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;

11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);

12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);

13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;

14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы№ 57 бұйрығына сәйкес «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы»тестілеу жүргізіледі.

Конкурстың өткізілетін уақыты жоғарыда көрсетілген Ережеге сәйкес белгіленеді.

Конкурстың өткізілетін орны «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды мына мекен-жайға тапсыру қажет: индекс 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11-үй, «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ № 722 А кабинет немесе мемлекеттік корпорация (Азаматтарға арналған үкімет). Анықтама телефондары: 55 68 57.

Мемлекеттік орта, техникалық
және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі білім беру ұйымдарының
басшыларын конкурстық
орналастыру және мемлекеттік
мектепке дейінгі, орта,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі және қосымша
білім беру ұйымының басшысы
лауазымына конкурстық
тағайындау қағидаларына
3-қосымша

____________________________
конкурстық комиссияның атауы
____________________________
____________________________
кандидаттың тегі, аты және
әкесінің аты (болған жағдайда)
____________________________
____________________________
(лауазымы, жұмыс орны)
____________________________
____________________________
нақты тұратын жері, тіркелген
мекенжайы, байланыс
телефондары

Өтініш

Мені ________________________________________ басшысы бос лауазымына

білім беру ұйымының атауы

орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

Қазіргі уақытта _________________________________ жұмыс жасаймын.

білім беру ұйымының атауы

Келесі жұмыс нәтижелерін негізге аламын

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Өзім туралы келесі мәліметті хабарлаймын:

 

Білімі:

Оқу орнының атауы Оқу кезеңі Диплом бойынша мамандық

Жұмыс өтілі:

Жалпы Мамандық бойынша Педагогикалық Осы білім беру ұйымында

Алынған (берілген) жылын көрсете отырып, наградалары, атағы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________      

Конкурс қағидаларымен таныстым *

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

2020 жылғы “____” _______________ __________________________

(Қолы)