Жас өрендер шахматты таңдайды!

Шахмат ойыны баланың зияткерлік зердесінің дамуына әсері мол екені баршамызға мәлім. Шахмат математикалық ойлауды дамытады және математикадағы күрделі есептерді оңай шешуге ықпал етеді, есте сақтауды, ақыл-ойды дамытады, әртүрлі жағдайларды талдауға және есептеуге үйретеді, мұның бәрі баланың болашақ өміріне де пайдалы.
Қазіргі уақытта шахмат спорт түрі болып саналады, сондай-ақ бұл спорт түрінен республикалық және халықаралық деңгейлерде түрлі жарыстар мен турнирлер өткізіледі. Кез-келген спортшы сияқты, шахматшы да жарыстарға байыпты дайындалуы керек.
Ағымдағы жылдың 24-30 қараша күндері “Дарын” РҒПО оқушылар арасында III халықаралық онлайн шахмат турнирін өткізді.

Жарысқа Қазақстан Республикасы аймақтарынан 17 команда, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің құрама командасы, сондай-ақ Ресей Федерациясы Челябі облысының Сатка қаласы командасы және Қырғызстан Республикасының Қаракөл қаласы командасы қатысты.

Жарыс lichess.org. шахмат сайты базасында ZOOM платформасын қолдану арқылы онлайн түрде өткізілді. Турнирге Қазақстан Республикасы, Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегерлері мен жеңімпаздары бас сынасты.
“Астана дарыны” дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен “Шығыс” балалар-жасөспірімдер орталығы бірлесіп дайындаған елорданың жас шахматшылар командасы жоғары техника, сауатты қорғаныс және ойластырылған қауіп әдістерімен ерекшеленді.
Үлкен жетістікпен алға шығып, нәтижесінде Нұр-Сұлтан қаласының командасы лайықты бірінші орынға ие болды, балалар жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, қалған командаларды артта қалдырды.

1, 2, 3 орын алған командалар медальдармен, “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен, сондай-ақ естелік сыйлықтармен марапатталды.
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз және жеңісті додалар тілейміз!