Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында қаланың барлық мектептерінде оқушыларға 100% тамақ беріледі.

15/11/2020

Қала әкімдігінің қаулысы негізінде тамақтану бойынша конкурсты біріңғай ұйымдастырушы болып Нұр-Сұлтан қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы анықталды.

Қазақ тамақтану академиясының тамақтану мәселелері институтымен келісілген 4 апталық мәзір әзірленген. Тамақтану құны – 376 теңгегі құрайды.

«Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 24 қазандағы № 245 өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 14 қарашадағы қаулысына сәйкес білім беру объектілерінің жұмысы жалпы білім беретін мектептердің 1-5 сынып оқушыларына арналған кезекші сыныптарынан және 1-7-сыныптан бастап Халықаралық мектептерден басқа, сыныпта 15 балаға дейін жинақтау кезінде жұмыс істеуге рұқсат етілетін онлайн-оқыту режимінде ұйымдастырылғанын хабарлайды.

Қазіргі уақытта санитарлық-дезинфекциялық режимнің карантиндік шараларын сақтау мақсатында мектептерде балаларды тамақтандыру жүргізілмейді.

2020 қаржы жылына тамақтануға бюджеттен 420 млн. теңге бөлінді. Карантиндік шараларға байланысты үнемдеу мектептердің кезекші сынып мұғалімдерінің жалақысын төлеуге қайта бөлінді.