№ 43 орта мектептің құрылысы аяқталды

Мичурино тұрғын алабының оқушылары үшін жаңа мектеп салынды. Осы уақытқа дейін оқушылар мектепке бейімделген ғимаратта білім алып келді. 2019-2023 жылдарға арналған кешенді жоспардың аясында 600 орындық жаңа мектептің құрылысы аяқталып, енді оқушылар су жаңа ғимаратта білім алады. Жаңа мектеп өз кезегінде үш ауысымда оқу мәселесін де шешті. Бұрынғы ғимаратты педагогтар үшін жатақханаға сай қайта жабдықтау жоспарлануда. 

Мектептің негізгі бағыты – экология. Білім ошағында экомәдениет, табиғатты қорғау, қалдықтарды дұрыс сұрыптауға бағытталған сабақтар мен семинарлар өткізілетін болады. 

Қала әкімі Алтай Көлгінов бүгін мектеп құрылысымен, оқу процесіне дайындық жұмысытарымен танысты. Қала әкімі болашақта экологиялық бағыттағы мектептердің санын көбейту қажеттігін айтты. 

Сонымен қатар, оқушыларға теориялық білім мен практиканы ұштастыру мақсатында мектепте бақша болады, бұнда балалар өсімдіктер мен жемістерді өсіруді, күтіп баптауды үйренеді.