2020 жылғы «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» республикалық жобасының жеңімпаздары

Ильясова Индира Тимурқызы – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» МКК «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат бағдарламасының 3 курс студенті. Индира 1 курстан бастап жоғары білім деңгейін және арнайы пәндерді табысты меңгергендігін көрсетті.

Индира ТОП-100 үздік Студент байқауында жеңіске жеткені үшін дипломмен, сондай-ақ колледж әкімшілігі атынан 50 000 теңге көлемінде сертификатпен марапатталды.

Клименко Алина Григорьевна – Нұр-Сұлтан қ. «Гуманитарлық колледжі» МКҚК 4 курс студенті, мамандығы «Дене шынықтыру және спорт», біліктілігі «Дене шынықтыру және спорт мұғалімі».

Ол өзін 12 жасынан бастап спортпен байланыстырған, қазір спорт өмірінің ажырамас бөлігіне айналды.

Алина 2020 жылғы «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» республикалық жобасының үздік ондық иегері.

Алинаға ҚР Білім және ғылым министрі атынан жеңімпаз дипломы және 100 000 теңге сомасында сертификат берілді, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 77 «Қошақан» балабақшасы» МКҚК дене шынықтыру оқытушысы лауазымына жұмысқа орналасуға сертификат берілді.

Құрманаева Әсел Бауыржанқызы   Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» МКК «Энергоменеджмент» мамандығының 3 курс студенті.

Шығармашылықты серік еткен Әсел жастайынпн түрлі қалалық және республикалық байқаулардың жеңімпазы атанып үлгерген.

Жоғары көлік және коммуникация колледжінің 75 жылдығына орай, колледждің «Үздік студент – 2020» атағына ие болып, колледж директоры атынан 75 мың теңге көлеміндегі сертификат табысталды.

Жәкенова Меруерт Болатқызы – «Қазақстан Халықаралық Лингвистикалық Колледжі» ЖШС «Аударма ісі» мамандығының мұнай-газ саласы бойынша 2 курс студенті.

UI/UX бағытына байланысты стартап, дизайн жобасын жасады. Жобаның идеясы-өмір сүру қабілеті шектеулі адамдар үшін арнайы такси құру. 

Қазақстан Халықаралық Лингвистикалық колледжінің әлеуметтік серіктесі Британ Консулдығында (British council) тегін халықаралық емтихан тапсыруға Сертификат табысталды.

Жақыпбек Райымбек Өмірбекұлы – «Қаржы академиясы» АҚ колледжінде «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 4-курсында оқиды.

Райымбек тірек-қимыл аппараты бұзылған спортшылар арасында үстел теннисінен Қазақстан Республикасының чемпионы, паралимпиадашы, спорт шебері. 

Колледждің әлеуметтік серіктесі Райымбекке «Damutek» ЖШС бағдарламашы-техник лауазымына сертификат және «Қаржы академиясы» АҚ тарапынан 50 000 теңге сомасында сертификат табысталды.

Айтуған Мөлдір – «Шипагер»  медициналық колледжінің «Емдеу ісі» мамандығының  4  курс студенті.

Мөлдір қалалық, республикалық, халықаралық конкурстарға, олимпиадаларға, ғылыми-практикалық конференцияларға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 

Қазіргі уақытта елдегі пандемиямен күреске өз үлесін қосу үшін ерікті ретінде №1 Қалалық көпбейінді ауруханада тәжірибеден өтіп жатыр,                 кәсіби құзыреттерді игеруде.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан республикасының Ұлттық Ғылыми Кардиохирургия орталығына жұмысқа шақыруға сертификат пен колледж демеушісі – «Элит» медициналық киім дүкенінен 50000 мың теңгеге сертификат табысталды.