Лингвистикалық олимпиаданың республикалық қорытындысы

2020 жылғы қараша айының  20 күні  8-10 сынып арасында лингвистикалық олимпиаданың республикалық кезеңі өтті.

Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты олимпиада онлайн режимінде өтті. Қатысушылар тапсырмаларды қашықтықтан орындады. Оқушыларға exam.net.   платформасында  жұмыс істеу бойынша қадамдық нұсқаулар мен ережелер берілді.

Республиканың барлық өңірлері үшін бір күнде өткен лингвистикалық олимпиаданың республикалық кезеңіне Нұр-Сұлтан қаласының 3 білім беру мекемесінен 3 оқушы қатысты.

Лингвистика олимпиадасының  III Республикалық турдың қорытындылары бойынша:

  • Стёпкина Милана, 9 сынып, №3 гимназия – І орын;
  • Думанецкий Данил, 10 сынып, №6 гимназия  – II орын;
  • Шишкина Виолетта, 9-сынып, № 72 мектеп-лицейі   II орын иеленді.

«Астана дарыны» ДДжПСО