20 қарашада Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы өңірлік іс-шараларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Аталған жоба республика бойынша биыл 6-шы жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Мақсаты – этностық топтардың мектеп жасына дейінгі балалары мен мектеп оқушыларына, жастарға мемлекеттік тілді үйрету, сол арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.
«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын салтанатты түрде қорытындылау шарасында Ассамблея Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев: «Мың бала» жобасы – түрлі этникалық топтар арасындағы мектеп жасына дейінгі балалар мен мектеп оқушыларына мемлекеттік тілді меңгеруге жағдай жасап, қазақ тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын танытуды көздейді» деп атап өтті.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының жеңімпаздары:
- № 52 мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы Захаренко Руслан.
- № 77 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Тё Анастасия.
- № 77 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Монерон Дэйлин-Лейла.
- № 77 мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы Кремонези Джулия-Ару.
- № 79 мектеп- лицейнің 9 сынып оқушысы Зуева Дарья.