Нұр-Сұлтан қаласында Балаларды дүниежүзілік қорғау күні аталып өтуде

Дүниежүзілік балалар күні – жыл сайын бүкіл әлемді бір мақсатпен біріктіріп, әр балаға қауіпсіз өмір сүруге, білім алуға өз әлеуетін дамытуға мүмкіндік беруге бағытталған іс-шара.

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы бүлдіршіндерді Балаларды дүниежүзілік қорғау күнімен құттықтайды!

Әр балаға мықты денсаулық, сүйікті отбасы, бақытты балалық шақ және жарқын болашақ тілейміз!

Балаларды дүниежүзілік қорғау күніне орай білім беру ұйымдары «Бала құқығы – адам құқығы» айлығы аясында 20 қазаннан бастап балалардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар, қайырымдылық акциялары туралы халықты ақпараттандыруға бағытталған іс-шаралар өткізді.

Балаларды дүниежүзілік қорғау күніне арналған іс-шараларды ұйымдастыруға Қоғамдық денсаулық сақтау, Жастар саясаты, Ішкі саясат, Дін істері басқармалары, аудандық әкімдіктер, ата-аналар қауымдастығының өкілдері, «Дар», «Право», «Қызыл жар Абай орта мектебі» қоғамдық қорлары, «Демеу» ЖҚЕМ қолдау көрсетті.