Көру қабілеті бұзылған балаларды тәрбиелеу ерекшеліктеріне қатысты семинар өткізілді

 

 

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №23 «Алтын бесік» балабақшасы КММ «Көру қабілеті бұзылған балалармен түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері» – атты  тақырыпта  қалалық семинар өтті. 

Семинардың мақсаты көру қабілеті бұзылған балалармен түзету-дамыту жұмысын жүргізуде педагогтың кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Семинарға  Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің басшысы А.Қ.Ережепова, Білім беруді  Жаңғырту орталығының өкілдері, №10 МГ директоры  мен тифлопедагог Ташенова М.А, Сагимбаева С.Л., №2 АТМИ д.м.а. Торекулова Б.А, №64 «Асыл бөбек», №25 «Таңшолпан»  балабақшаларының меңгерушілері мен түзету бағытында жұмыс жасайтын балабақшалардың дефектологтары қатысты. Семинарда  балабақша педагогтары өз жұмыстарының  ерекшеліктермен тәжірибе алмасты. 

Тәрбиеші М.А. Матвеева мастер – класс өткізіп көру қабілеті бұзылған балалармен түзету және дамыту жұмыстарының негізгі бағыттарын айтып өтті. Практикалық бөлімде ол әр баламен жеке сараланған  жұмыстың тәсілін көрсетті.

Спорт нұсқаушысы С.А. Адгамова  семинарға  қатысушылармен дәстүрлі емес жабдықтарды пайдалану бойынша мастер-класс өткізіп, құралдардың балаларға қандай қызықты және тиімді екенін атап өтті.

Логопед маман Харчевникова Н.Ю ойын-инсценировка түрінде өткізді.. Ойын жаттығулары барысында көру қабілеті бұзылған балалармен логопедиялық жұмыстың кешенді  әдіс-тәсілдерін көрсетті.

Семинарға қатысушылар семинарға жоғары баға беріп, “№23 “Алтын бесік “балабақшасы”КММ педагогтарының кәсіби шеберлігі мен жұмыс тәжірибесімен бөлісуге деген ықыласын атап өтті.