Ағымдағы жылдың 06 қараша күні онлайн форматта «Астана дарыны» ДДжПС орталығының «Ата-аналар клубы» аясында «Біз-бақытты отбасы» бейнероликтер байқауының нәтижесі бойынша марапаттау іс-шарасы жүзеге асырылды.
Отбасылық құндылықтарды дәріптеу және жас қазақстандықтарды тәрбиелеудің әлеуметтік ортасын жақсарту мақсатында “Астана дарыны” дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 2020 жылдың 24 ақпан-20 наурыз аралығында “Біз – бақытты отбасы”тақырыбында қалалық бейнероликтер байқауын өткізді. Байқау үш кезеңнен тұрды, елорданың ата-аналар қоғамдастығының үздік жұмыстарының финалдық тұсаукесері “Ата-аналар клубы” диалог алаңында жоспарланған болатын. Алайда карантин мен қашықтықтан оқытуға байланысты конкурс жеңімпаздарын марапаттау 2020 жылғы 06 қараша күніне ауыстырылды. Аталған іс-шара бойынша елордалық мектептер арасында жүлделі орындарға ие болған отбасылар мен дайындық барысында қолдау көрсеткен педагог-психологтер алғыс хатпен марапатталды.
Сонымен қатар, іс-шараға атсалысып және қолдау көрсеткен ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, Нұр-сұлтан қаласы “Рухани жаңғыру” Жобалық кеңсесінің басшылығы және Отбасылық тәрбие институтының бас директоры Евдокимова София Львовна байқаудың жеңімпаздарын құттықтады. Алдағы уақытта бейнероликтер байқауын дәстүрлі шара ретінде жалғастыру жоспарлануда.
«Біз-бақытты отбасы» байқауының жүлдегерлері:
- Бас жүлде – Сүлейменовтер отбасы (№66 МЛ);
- І орын – Бердыбаевтар отбасы (№53 МЛ);
- ІІ орын – Солодилов отбасы (№2 МГ), Амриндар отбасы (№86 МГ);
- ІІІ орын – Данияровтар отбасы (№6 МГ), Копбосыновтар отбасы (№54 МЛ), Қали отбасы (№78 МГ);
- Сертификат – Оспанкуловтар отбасы (№64 МЛ), Князовтар отбасы (№64 МЛ), Оспанкуловтар отбасы (№84 МЛ).