Балқан халықаралық олимпиадасында бағы жанды

 

2020 жылдың 31 қазан 5 қараша аралығында өткен 37 Халықаралық Балқан математика олимпиадасына  елордамыздың ең үздік оқушыларының бірі, математика пәнінен республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы, математика пәнінен Қазақстан құрамасының мүшесі, 2020 жылғы халықаралық олимпиаданың Құрмет грамотасын иеленген «Білім инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы Сам Фетуллах қатысып, жүлделі үшінші орын тұғырынан көрініп, қола медальға ие болды. Ұстазы: ең үздік педагог, «Қазақстан ұстазы» ұлттық сыйлығының иегері, «Әлем мұғалімі-2020» халықаралық сыйлығының номинанты Муаммер Гул.

Дарынды шәкіртімізді додадағы кезекті жеңісімен құттықтаймыз!