Республикалық шығармашылық жобалар байқауында топ жарған елордалық оқушылар командасы кубокқа ие болды

 

 

«Менің Отаныма деген менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауында топ жарған елордалық оқушылар командасы кубокқа ие болды. 14-16 қазан күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен өткен «Менің Отаныма деген менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауы елордалықтар үшін жемісті боп аяқталды.

Жүлделі бірінші орынды иеленген №65 мектеп-гимназиясының оқушысы Жиенбек Нұрислам және №82 “Дарын мамандандырылған лицейінің оқушысы Молдабек Арғын I дәрежелі дипломлармен, бағалы сыйлықтармен (смартсағаттар) марапатталcа, жоба жетекшісі техникалық ғылымдар кандидаты, Молдабек Марлен Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы бекіткен “Балалық шақ досы” медалін иеленді. 

Байқауда үшінші орын иеленген №47 мектеп-гимназиясының оқушысы Миронов Владичлав пен №68 мектеп-гимназиясының оқушысы Базаралиева Дианаға 3 дәрежелі диплом мен смартсағат табысталды. 

Нұр-Сұлтан қаласы құрамасына командалық есепте бірінші орынға ие болып, кубок және алтын медальдармен марапатталды. Оқушыларымыз бен жетекшілерімізді жемісті жеңістерімен құттықтаймыз!