Жыл сайын 29 қазанда ерекше мереке – Қамқоршы күні атап өтіледі!
Бұл мерекені “кең жүректі бар адамдардың мерекесі”деп атауға болады.
Бүгінгі таңда Нұр-сұлтан қаласында 860 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар, осы санаттағы балалардың тек 20% – ы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернат мекемелерінде тұрады, қалған 80% – ы отбасыларда тәрбиеленуде.
490 қамқоршы, 56 патронат тәрбиеші Нұр-сұлтан қаласы білім басқармасының басшысының, мектеп директорларының алғыс хаттарымен марапатталды.
Сіздерді қамқоршылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға амандық тілейміз!