WorldSkills қозғалысының дамуына ерекше көңіл бөлінуде

2015 жылы бірінші чемпионатқа 5 құзыреттілік бойынша 6 студент қатысқан болса, ал 2020 жылы – 37 құзыреттілік бойынша 167 қатысушы болды. 

2019 жылы ұлттық чемпионатта командалық есеп бойынша 8-ші орын алдық, енді алдымызға көшбасшылардың алғашқы үштігінің қатарына кіруге міндеттер қойып отырмыз.  

Мамандарды даярлау сапасын жақсарту мақсатында қала колледждері Татарстан, Ресей, Белоруссия, Украина, Италия, Франция, Чехия, Ұлыбритания, Корея, Түркия, Германия және т.б. елдердің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен ынтамақтаса отырып,   Worldskills халықаралық стандарттарын енгізуде.  Биылғы жылы демонстрациялық емтихандар алғаш рет өткізілді.  Емтихан тапсырмалары  білім алушылардың кәсіби деңгейін растайтын WorldSkills чемпионатының тапсырмаларына ұқсас.

Қазіргі уақытта  колледждерді неғұрлым сұранысқа ие 100 кәсіп бойынша жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу мақсатында “Жас маман” республикалық  жобасы іске асырылуда. 

Мақсатқа қол жеткізу үшін шетелдік әріптестермен бірлесіп, білім беру бағдарламалары, оның ішінде халықаралық салалық стандарттар мен WorldSkills стандарттарын ескере отырып, жаңартылатын болады. Сонымен қатар, педагог қызметкерлерді, оның ішінде ағылшын тілін оқыту жүзеге асырылатын болады.

Бізде осы жоба аясында 3 колледжді жаңа форматтағы шеберханалармен, және зертханалармен жабдықтау жүргізілуде. 

Бүгінгі күні 79 оқытушы мен өндірістік оқыту шеберлері жаңа жабдықтар бойынша оқудан өтіп, сертификаттар алды. 

Нәтижесінде аталған колледждердің базасында халықаралық стандарттарға сәйкес заманауи қондырғылармен жабдықтармен құзыреттілік орталықтары құрылды, олар өз студенттерін ғана емес, IT, сервис және қызмет көрсету, тұрғын үй-тұрмыстық және коммуналдық шаруашылық бағыттары бойынша білім беретін басқа колледждердің студенттерін, өндірістік оқыту шеберлерін даярлауға бейімделген алаң болады.

“Жас маман” бағдарламасын іске асыру еңбек нарығы үшін білікті кадрларды даярлау процесіне жаңа серпін береді.